Ақ халатты абзал жан

Нұғыманова Дана Мағауияқызы, Мәдениет орта мектебінен тәмамдап, Көкшетау қаласындағы медициналық колледжге оқуға түсіп, «Сестринское дело» мамандығы бойынша 2001 жылы бітіріп шықты. 2001 жылы Жаңажол ауылының дәрігерлік амбулаториясына мейірбике болып жұмысқа орналасты. 2004 жылы қалалық емханаға ауысып, бүгінге дейін учаскелік дәрігерлік қызмет бөлімінде тапжылмастан бір орында еңбек етіп келеді.

Отбасында екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана, жолдасы Болат Тұяқұлы да медицина саласында 20 жылға жуық уақыт қызмет етеді.