Құрметті медицина қызметкерлері, сала ардагерлері!

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз — медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Медицина қызметкерлерінің күні — денсаулық сақтау саласында қызмет жасайтындардың ғана мерекесі емес, бұл — бүкілхалықтық мейрам. Өйткені, әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.

Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер.

Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!

М.Нұрпанова, Бурабай аудандық мәслихат хатшысы