Жастар арасындағы жұмыссыздықты жою

Бурабай ауданының әкімдігінде облыстық Amanat партиясы өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын болып өтті.

Жиынға Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев және жергілікті ұйымдар мен мекемелердің басшылары қатысты.

Жиында ауылдық жердегі жастардың кәсібін дамытып, жұмыссыздықты жою және «Дипломмен-ауылға» бағдарламасын іске асыру мақсатында атқарылатын жұмыстар жайлы мәселе көтерілді.

Жалпы соңғы жылдары ауылдағы ахуалдың, оның ішіндегі, жастар арасында жұмыссыздықтың көбеюі бәрімізге мәлім, осы мәселені күн тәртібіне қойып, ішкі ахуалды жөндеп, жастарды дипломмен ауылға жіберіп, елдің өркендеуіне күш салысуымыз керек. Бұл жөнінде Ақмола облысы Еңбекті қадағалау басқармасының инспекторы Айжан Ысқақова қазіргі жастардың ауылдық жерге бармайтындығын айтып, ойларын ортаға салды. Жалпы колледж қабырғасынан шыққан әрбір маман мүмкіндігі болып жатса бағдарламаның шарапатын көруі керек. Ол үшін үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, бағдарламаның нәтижесін көрсетіп отыруымыз қажет,-деді.

Жиын барысында «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында ауданымызда қызмет атқарып жүрген жас мамандардың пікірлерін тыңдап, аудан басшылары, облыстан келген меймандар өз ойларын ортаға салып, пікірлесті.

«Бурабай-ақпарат»