Құрметті полиция қызметкерлері!

Сіздерді 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ішкі істер органдары — мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Сақшылардың кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел бууымен ерекше құнды. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді. Осынау қырағы мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз.

Сіздерге төл мерекелеріңіз – қазақстандық полиция күні қарсаңында мемлекетіміз бен азаматтардың мүдделерін қорғау, қоғам мен ел тыныштығын сақтау жолында күш-жігер мен төзімділікті, әділдік пен жауаптылықты талап ететін құқық қорғау саласындағы абыройлы да адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін! Баршаңызға абыройлы қызмет және зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығын тілеймін! 

М. Нұрпанова, аудандық мәслихаттың хатшысы