Ақмола облысының спортшылары қысқы Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетті
Осы жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстан құрамасының сапында Ақмола облысынан 14 спортшы өнер көрсетті. Олар шорт-трек, шаңғы жарысы, биатлон және шайбалы хоккейден ел намысын қорғап, елге 11 медальмен оралды. Бұл туралы Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Аталмыш жарыста спортшылар 6 спорт түрінен 11 тәртіп бойынша бақ сынасып, барлығы 64 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 20 медаль жеңіп алып, төртінші орынға тұрақтады. Оның ішінде ақмолалық спортшылар 11 медаль еншілеп, елге 2 алтын, 6 күміс және 3 қола жүлде алып келді.
«Шорт-трек бойынша Қазақстан құрамасы үш эстафеталық жарыста 1 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Бұл жетістіктерге ақмолалық спортшылар да өз үлестерін қосты. 5000 метрлік ерлер эстафетасында Денис Никиша мен Мерсаид Жақсыбаев алтын медаль иеленді. Әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада Ольга Тихонова мен Яна Хан, сондай-ақ аралас 2000 метрлік эстафетада Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Яна Хан және Ольга Тихонова күміс жүлде жеңіп алды», деді Ардақ Төлендин.
Шаңғы жарысынан Ақмолалық спортшылар 4 медальға қол жеткізді. Константин Борцов спринттік жарыста күміс жүлдегер атанды. Әйелдер эстафетасында Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина күміс медаль иеленді. 10 шақырымдық жеке жарыста Олжас Климин қола медаль жеңіп алса, ерлер эстафетасында Константин Борцов пен Олжас Климин тағы бір қола жүлдеге ие болған.
Биатлон сайыстарында да Қазақстан құрамасы жоғары көрсеткішке жетті. Бұл спорт түрінен 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ақмола облысының төрт спортшысы осы жетістіктерге үлес қосты. Вадим Куралес спринттік жарыста күміс медаль иеленді. Ерлер эстафетасында Александр Мухин күміс жүлдегер атанса, әйелдер эстафетасында Арина Крюкова қола медаль жеңіп алды.
Азия ойындарының соңғы күнінде Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден алтын медаль жеңіп алды. Құрама сапында «Арлан» хоккей клубының ойыншылары Эдуард Михайлов пен Денис Чапоров өнер көрсетті.
«Ақмола облысында қысқы спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Өңірде спортшылардың халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуі үшін барлық қажетті жағдай жасалуда. Бұл жолғы қысқы Азия ойындарындағы көрсеткіш 2017 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өткен VIII Азия ойындарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Ол кезде облыс спортшылары тек екі спорт түрінен 6 медаль (4 күміс, 2 қола) жеңіп алған еді», деп толықтырды спикер.
Айта кету керек, Харбиндегі Азия ойындарындағы өнер көрсету – 2026 жылы Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі. Ақмола облысы спорттың бұл түрлерін одан әрі дамыту үшін жүйелі жұмыс жүргізетін болады.

Акмолинская область на зимних Азиатских играх: триумф и новые рекордыВ феврале в Китае прошли IX зимние Азиатские игры. Честь сборной Казахстана в Поднебесной отстаивали 137 спортсменов. В общекомандном зачете Казахстан…

Туристская отрасль в Казахстане: динамика, инвестиции и Neo Nomad Visa

«Новой точкой экономического роста должен стать туризм. Привлекательные туристичческие места есть в каждом регионе страны. Поэтому следует в срочном порядке заняться строительством необходимой инфраструктуры, в том числе с привлечением частных инвесторов».Касым-Жомарт…

Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa
«Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуға тиіс. Еліміздің әр өңірінде көрікті жерлер бар. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет».
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті
Елдегі туризм саласында іске асырылып жатқан жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстанға келетін туристер саны да, әлемдік рейтингтегі орнымыз да айтарлықтай жақсарып келеді. Мәселен, Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел ішінде 52-орынды иеленді. Бұған дейінгі индексте Қазақстан  66-орынға орналасқан еді.
Ал былтыр Қазақстанға жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, туристік мақсатпен 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Оның ішінде 10,4 млн адам елде бір күннен көп уақытқа қалып, шетелдік туристер санатына енді. Ресми статистикаға сәйкес, шетелдік меймандардың елімізде орташа болу мерзімі – 4 күн.
 Ұлттық банк мәліметінше, алыс шетелден келген туристер Қазақстанға сапары кезінде орта есеппен 1500 АҚШ долларын жұмсайды. 2024 жылы шетелдік туристер еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады.
 Туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тұрақты түрде өсіп келе жатқанын байқауға болады. 2019-2024 жылдар аралығында салаға салынған инвестиция көлемі төмендегідей:
2019 ж. – 502 млрд тг
2020 ж. – 629 млрд тг
2021 ж. – 593 млрд тг
2022 ж. – 513 млрд тг
2023 ж. – 787 млрд тг
2024 ж. – 947,5 млрд тг
2019-2024 жылдар аралығында туризм саласында жалпы сомасы 550 млрд теңгеге 605-тен астам инвестициялық жоба іске асырылды, оның ішінде 2024 жылы 87 инвестициялық жоба сәтті аяқталды.
Ірі инвестициялық жобалар ішінен Шымкент қаласындағы «Махамбет» қонақ үйін (жоба құны – 4,9 млрд теңге), Атырау облысындағы «Keremet Park»отбасылық паркін (3 млрд теңге), сондай-ақ Алматы облысындағы «Ақ-Жайық» демалыс аймағын (1,8 млрд теңге) атап өтуге болады.
Сонымен қатар былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді. Бұл виза заманауи көшпенділерге – саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған. Жаңа визалық режимді енгізер кезде пандемиядан кейін осындай бағдарламаларды сәтті қолданған 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесі назарға алынған.
Neo Nomad визасын алған шетелдік туристердің Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндігі бар. Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады. Бұл туристерге еліміздің мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік беріп қана қоймай, ел экономикасына пайда әкеледі деп күтілуде. Виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңге болмақ. Визаны пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды. Бірақ отандық еңбек нарығына әсер етпейді. Бұл – бағдарламаның маңызды бөлігі.
Жалпы Қазақстанның туристік әлеуеті халықаралық аренада табысты насихатталып келеді. The New York Times нұсқасы бойынша Алматы қаласы үздік 52 туристік бағыттың қатарына енсе, Lonely Planet журналының нұсқасы бойынша Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне кірді. Бұдан бөлек, Conde Nast Traveller Italia басылымы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын таңдаулы ТОП-5 дестинация тізіміне қосты.
Сонымен қатар CNN Travel 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жариялап, Қазақстанды ерекше мәртебеге лайық деп таныды. Атап айтқанда, Алматы қаласы саяхаттауға тиіс ең үздік бағыттардың қатарына енді. Қала кең табиғи ландшафттар мен дамып келе жатқан урбанистік мәдениетті біріктіретін ерекше атмосферасының нәтижесінде Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» деп аталды.
Алдағы жылдары Қазақстан туризм саласын дамытуды қарқынды түрде жалғастырып, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асырады.
Басым бағыт ретінде үш ірі туристік аймақ белгіленді, олар: Щучье-Бурабай курорттық өңірі, Маңғыстау курорттық өңірі және Алматы тау кластері.
2027 жылға дейін жалпы құны 1,1 трлн теңгеден асатын 181 инвестициялық жоба іске асырылады. Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар санын 800 мың адамға дейін арттырып, агротуризмді дамыту есебінен ауылдық жерлерде 10 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Ішкі туристер санын 11 миллион адамға жеткізіп, елдегі орналастыру орындарының төсек-орын қорын 280 мыңға дейін ұлғайту, сондай-ақ барлық қонақ үйді eQonaq ақпараттық жүйесіне енгізу көзделген.
Сонымен қатар Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту жаһандық индексінде әлемнің үздік 50 елі қатарына кіруді мақсат етіп отыр.
Бұл бастамалар елдің халықаралық туристік аренадағы орнын нығайтып, саяхатшылар, бизнес және жергілікті қауымдастықтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.