Баспасөз хабарламасы

IQanat Олимпиадасы Ақмола облысында: кім ТОП-1000-ға кіреді? IQanat Олимпиадасы Қазақстанның өңірлерін қамтуды жалғастырып жатыр, зияткерлік жарысқа енді Ақмола облысы қосылады. Үш күн ішінде өңір ауылдарының бірінші турдан сәтті өткен 400-ден…

Пресс-релиз

Олимпиада IQanat в Акмолинской области: кто войдет в ТОП-1000? Олимпиада IQanat продолжает охватывать регионы Казахстана, и теперь к интеллектуальному соревнованию присоединяется Акмолинская область. В течение трех дней более 400 учеников…

Человек должен понимать: когда открывает автошколу, он берет на себя ответственность

Автошколы – это не бизнес, это полноценная подготовка водителей, считает министр МВД Ержан Саденов. В подкасте Службы центральных коммуникаций главный полицейский страны прокомментировал ситуацию с дорожной безопасностью. Надо сказать, что…

ІІМ басшысы киберқылмыспен күрестегі жаңашылдықтар туралы айтты

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында киберқылмыспен күресудің жаңа әдістері туралы айтты. Мәселенің ауқымын көрсеткіштерден түсінуге болады: егер 2017-2018 жылдары жыл ішінде 5 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелсе,…

Перед законом все равны — министр МВД прокомментировал резонансные случаи 

Один из вопросов, поднятых в подкасте, запущенном Службой центральных коммуникаций при Президенте РК, стала борьба с коррупцией внутри МВД. Министр МВД Ержан Саденов прокомментировал случай, произошедший недавно в Костанае между…

«Заң мен Тәртіп» қағидаты өміріміздің нормасына айналуы керек – ІІМ басшысы

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен мемлекеттік саясат пен қоғамның өзекті тақырыптарын талқылауға арналған подкаст іске қосылды. Бағдарламаның бірінші қонағы ретінде ішкі істер министрі Ержан Сәденов шақырылды. Басты тақырыптардың…

Салық реформасы — экономикалық дамудың негізгі міндеттерінің бірі

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасын елдің экономикалық дамуының негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Сенат депутаты 24.kz арнасына берген сұхбатында Евгений Больгерт айтты.…

Мопедті 5 сәуірге дейін тіркеп үлгеріңіз — ІІМ

ІІМ мопедтерді тіркеу қажеттігі туралы ескертті, - деп хабарлайды Polisia.kz. - Құрметті азаматтар! Естеріңізге сала кетейік, мопедтерді тіркеп үлгеру үшін екі аптадай ғана уақыт қалды. Заң бойынша 5 сәуірден кейін…

Успейте зарегистрировать мопед до 5 апреля — МВД

В МВД напомнили о необходимости регистрации мопедов, передает Polisia.kz. - Уважаемые граждане! Напоминаем, что осталось всего чуть больше двух недель, чтобы успеть зарегистрировать мопеды. После 5 апреля управление незарегистрированным мопедом…

Салық реформасы — экономикалық дамудың негізгі міндеттерінің бірі

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасын елдің экономикалық дамуының негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Сенат депутаты 24.kz арнасына…

Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.