А.ж. 8 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі – Заң) Заңға қол қойғанын хабарлайды.
Заңда «Жарнама туралы» Заңның 13-бабына толықтырулар енгізу, букмекерлік кеңселердің және тотализаторлардың жарнамасына шектеулер енгізу қарастырылған, атап айтқанда: букмекерлік кеңсе және тотализатор орналасқан жерде, спорт құрылыс жайларының ішінде және спортшылардың керек-жарақтарында орналасқан жарнаманы қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнамалауға…