Тарихи тұлғалардың атымен аталған ордендер пайда болады

Алдағы Республика күнінде «Ел бірлігі» мемлекеттік наградасының алғашқы иегерелреі белгілі болады. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Біз мемлекеттік наградалар жүйесін де…

Мемлекеттік нышандарды жетілдіру қажет

Мемлекеттік нышандарды жетілдіру қажет. Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бірінші мәселе. Мемлекеттік нышандарды…

Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады

Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Шын мәнінде, біз айтып…

Жастарымыз көп сөзге құмар, жағымпаз әрі масыл болмауы тиіс

Қазақтың қонақжайлығы – жақсы қасиет. Бірақ, үйдің іші-сыртын қонақ келгенде ғана ретке келтіру дұрыс емес. Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жас…

Қасым-Жомарт Тоқаев: Түсініксіз идеяны халық қабылдамайды

Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кез келген тұжырымдама мен доктринаның халыққа түсінікті болуы маңызды екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Кез келген тұжырымдама немесе доктрина қарапайым…

Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес

Түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазақстан – осы геосаяси аймақта саяси жүйесін…

Мемлекет басшысы: Қазақстан бір жыл бұрынғы қалпынан айтарлықтай өзгерді

ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында елдегі рфеормалардың бағдары өзгермейтінін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бірінші құрылтай Жалпыұлттық референдумнан кейін шақырылды. Содан бері, міне,…

Биылғы құрылтайдың сипаты – өзгеше, мазмұны да – ауқымды
ҚазАқпарат – Қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді. Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түркістан ғасырлар бойы қазақ халқының маңызды саяси орталығы болып келді. Қазақ мемлекетінің бас қаласы ретінде тарихқа алтын әріппен жазылды. Көптеген хандарымыз осы жерге ордасын тігіп, ұлан-ғайыр далаға билігін жүргізген. Қара қылды қақ жарған билеріміз түрлі дау-шарға төрелік айтқан. Ел-жұртын береке-бірлікке шақырған. Мұның бәрі еліміздің ерте заманнан бері бір орталықтан басқарылған біртұтас мемлекет болғанын көрсетеді. Сондай-ақ, қазақ мемлекеттілігінің тамыры тым тереңде жатқанын білдіреді», — деді Мемлекет басшысы.
Президент Ұлы Дала төрінде Жошы хан әулеті Кенесары ханға дейін 6 ғасырдан астам уақыт ел басқарғанын атап өтті.
«Тіпті, әлем тарихында мұндай мысалдар көп емес. Біз қазір бабаларымыз кеңес құрған әйгілі Күлтөбенің іргесінде отырмыз. Әбіш Кекілбаев «Қазақ рухының қағбасы» деп атаған Ордабасы осы жерге тиіп тұр. Осынау әйгілі төбелерде халқымыздың игі жақсылары сан рет бас қосқан. Ұлт тағдыры сынға түскен сәттерде бәрі ақылдасып, елдің болашағын айқындаған. Қалың жұрт салиқалы сөзге тоқтап, ел бастаған ерлеріне көш тізгінін ұстатқан. Бір ел, бір халық болып, сыртқы қатерге қарсы тұрған. Қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сондықтанда осы аймақты басқарып отырған басшыларға зор жауапкершілік жүктелетіндігін баса айтты.
«Қанша дәуір өтсе де, ұрпақтар сабақтастығы үзілмейді. Биылғы құрылтайдың сипаты – өзгеше, мазмұны да – ауқымды. Кешеден бері бірнеше тақырып бойынша жан-жақты, қызу талқылау болды. Құрылтайға қатысушылар Үкімет мүшелерімен пікір алмасты, ойларын ортаға салды. Тың бастамалар көтерді. Президент Әкімшілігі соның бәрін мұқият зерделейді. Ортақ бір тұжырымды әзірлейді. Салмақты ұсыныстар алдағы жұмыс кезінде міндетті түрде ескеріледі. Пікірталасқа белсене қатысқан барша азаматтарға ризашылығымды білдіремін», — деді Президент.

Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды
Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркі халықтарының түпкі төрі Түркістан қаласында өтіп жатыр. Алқалы жиынға қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ басшылары және сарапшылар қатысып жатыр.…

Президент:

«Мы живем в уникальный исторический период. Происходят стремительные изменения не только в науке и технологиях, но и в общественных отношениях. Совершенно новый вектор развития приобретают подходы к государственной политике. Все…