Алаш арыстарының аманаты — тіл

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас…

Акмолинские борцы с нарушением органов слуха выиграли чемпионат Казахстана

Семь наград в копилке акмолинцев, сообщает пресс-секретарь управления физической культуры и спорта Акмолинской области Махаббат Большина. В городе Конаев завершился чемпионат Республики Казахстан по вольной и греко-римской борьбе U23 среди…

22 июня, ровно 82 года назад, началась Великая Отечественная война. Этот день стал одной из самых скорбных дат в истории человечества

На рассвете 22 июня 1941 года фашистская Германия и её союзники обрушили на Советский Союз удар невиданной доселе силы: 190 дивизий, более 4 тыс. танков, 47 тыс. орудий и минометов,…

ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУДЫҢ ҮКІМДЕРІ

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен…

Бурабай ауданы әкімінің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Қадірменді  бурабайлықтар! Сіздерді әлемдегі барша мұсылмандардың ұлық мейрамы - Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрбан айт баршамызға құтты болсын! Дін тірегі - имандылық. Имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге…

Құрметті Щучинск қаласының тұрғындары және қонақтары!

Сіздерді маусым айының 28 жұлдызында Құрбан айт мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған іс-шараға қатысуға шақырамыз! Арнайы сіздер үшін дәмді палау таратылып, спорттық ойындар ұйымдастырылуда. Бағдарлама барысында қарастырылатын ойындар: *Қазақ күресі *…

Поздравление

акима Бурабайского района С Днём государственного служащего Уважаемые бурабайцы! Примите самые искренние поздравления - с Днём государственного служащего! Успешное государство может быть построено только на основе эффективной и профессиональной государственной…

Поздравление акима Бурабайского района

с Днем казахстанской полиции Уважаемые  сотрудники полиции! Примите поздравления с профессиональным праздником Днем казахстанской полиции! Высока значимость вашей профессии. Своим самоотверженным трудом, большой ответственностью, высокой организованностью и дисциплинированностью вы вносите…

Қайырлы Қинаятовты еске алу турнирі

Ажал жетпей жан шықпас Бұқар жырау Екі мыңыншы жылдары ғой. Тәуелсіздік алған ел он жылдан кейін енді-енді ес жиып жатқан уақыты. Дүр дүние түлеп жатқанда, халықтың да еңсесі тіктеліп, қиямет,…

Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.