Тәлім мен тәрбиесі бөлек Әкенің аты қашанда әке ғой. Асқар таудай алып әкеңнің бар болғандығына не жетсін? Әкенің тәлімін көріп, одан зор ықылас пен мейірім алған, қанша жерден сұсты болса да ұлы Абайдың өзі, әкесі Құнанбайды ақылшым, бағыттаушым деп өзіне пір санаған. Тек, уақыт талабымен сөз полициясының ыңғайы ымымен Құнанбайдың образын сомдағанда, салқын қанды, мінезі тік, ожарлау кісі деп жарықтық Әуезов амалсыз суреттеп жіберген.

Әкесінің тәлімін алған баланың өжет болатындығы, қиындықты жеңіп, қиыннан қиыстырып жол табатындығы әу бастан қазақ даласында насихатталып келе жатыр. Ресейлік империяға қосылып, коммунистік идеялогияның бағытымен қоғамдағы әке рөлінің әлсіреп, билік отанасына ауысқан соң, расында да «тәйт!» дейтін әкенің ықпалы әлсіреп қалды. Баяғыда жарықтық аналарымыз «алдымен әкең келсін, әкеңсіз ас ішпе, далада шаршап жүр!..»-дейтін. Қазір уақыт басқа, талап басқа. Батыстық бағытпен қоғамда әкесіз өскен ұл мен қыз көбейіп келе жатыр. Бұл да бір уақыттың кем тұсы, ащы көрінісі. Иә, әкелердің қоғамдағы рөлін қалай арттырамыз. Осы мақсатта қазіргі күні қыруар жұмыстар атқарылып жатыр.

Әкелер мерекесіне орай, өткен аптада Щучинск қаласындағы №9 мектеп-гимназиясының қабырғасында өткізілді. «Абыройлы әке, қадірлі отағасы, ұлықты ұл» атты танымдық-шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Ақмола облыстық Әкелер одағы қолдап, Аналар кеңесі, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы, «Аманат» партиясы аудандық филиалы, Бурабай аудандық Мәдениет үйі, Бурабай аудандық білім бөлімі ат салысып, әке мәртебесін көтеру мақсатында мазмұнды іс-шара өткізілді.

Мектеп директоры Бибігүл Кушекова мен Ақмола облыстық Әкелер одағының басшысы Ерлан Жәкімұлы құттықтау сөз сөйлеп, әкелер мерекесінің құндылығын атап өтті. Кеш барысында қонақтармен сұхбат, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жүлдегерлері Қалмағанбетовтар отбасы тәрбие тағылымдарымен бөлісу, әкелер мен балалар арасында шығармашылық жұмыс, жас әкелермен тренинг, айтыстан үзінді, ән шашу, әке мен қыздар арасында вальс, ауданның үздік әкелерін марапаттау сәттері өте әсерлі болды.

Кеш соңында Ақмола облыстық Әкелер одағының ұсынысымен Шортанбай Қалмағанбетов Бурабай ауданы әкелер кеңесінің төрағасы, Арман Досмағамбетов әкелер кеңесі басшысының орынбасары болып тағайындалса, Әлімхан Аймахан Ақмола облыстық Әкелер одағы басшысының орынбасары болып бекітілді. Ауданымыздағы үздік әкелеріміз жас ұрпақтың игілігі үшін ат салысады деп ойлаймыз. Әке мәртебесі асқақтай берсін!

Осындай әкеге де, анаға да, балаға да тағылымы мол шаралар өз жалғасын таба береді деген үмітіміз зор. Ақмола облыстық, Бурабай аудандық Әкелер одағының озық тәжірибелері әке мәртебесін асқақтату жолында үлгі болып, еліміздің ертеңгі келешегінің атар таңы арайлы болады деген зор сеніммен жиынды түйіндедік.

 «Бурабай-ақпарат»

Похожие записи

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA

Вы пропустили