Кеше Щучинск қаласында Төтенше жағдайлар Министрінің жарлығымен жергілікті өрт сөндірушілер және төтенше жағдайлар басшыларының қатысуымен, қала орталығында арнайы көрме болып өтті. Көрмеге құтқарушылардың өрт кезінде киетін киімдері, өрт сөндіруге қарсы қолданатын құралдары қойылып, мектеп оқушыларына таныстырылды. Аталмыш жиынға Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев қатысып, тілсіз жаумен күресіп, тыным таппайтын қырағы құтқарушылардың еңбегі жайлы айтып, әрдайым қоғамның тыныштығын күзетіп, дабыл болғанда елден бұрын қозғалатын жандардың қызметіне табыс тіледі.

 «Бурабай-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA