Сіз ота жасатуға дайындалып және барлық тексерулерден өтіп жүрсіз, ал емханада бұл қызметтерді алу үшін жақын арада жазылуға мүмкіндік жоқ, сол себепті сізді ақылы тексерулерге жіберді ме? Басқа клиникада олар қағаз нұсқадағы жолдаманы көрсетуді талап етті ме? Егер сіз әскери қызметте немесе шетелде оқыған болсаңыз, МӘМС үшін қарызды төлеуіңіз керек пе? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа медициналық көмек алуды жеңілдету үшін жиі қойылатын сұрақтарға жауап дайындады.
1-СҰРАҚ:
Маған жеке клиникада аяққа ота жасау жоспарланып отыр. Ол жерде отаны МӘМС есебінен жасауға болатынын айтты. Өз емханамнан өтуім үшін барлық қажетті тексерулердің тізімін берді. Бұл мүмкін бе? Ал мен емхананың өзімен жұмыс жасайтын кез-келген ауруханаға жіберетінін естідім. Мен жеке медициналық орталықтың кеңесіне құлақ асып, оларға өз емханам арқылы МӘМС аясында келе аламын ба?
ЖАУАП:
Иә, солай жасай аласыз. Бұл МӘМС жүйесінің ыңғайлы тұсы болып табылады, яғни медициналық қызметтерді алу үшін сіз медициналық ұйымды еркін таңдай аласыз.
Емхана өз пациентін медициналық қызмет алу үшін бірлесіп орындау шартымен жұмыс жасайтын медициналық ұйымға, сондай-ақ, пациенттің өзі таңдаған ұйымға да жібере алады. Ең бастысы — бұл клиника Қор жеткізушілерінің базасында болуы қажет.
Сіздің жағдайыңызда медициналық ұйым сізге МӘМС бойынша жұмыс жасайтынын және сізді жолдама бойынша қабылдауға дайын екенін растап отыр. Сіз өз емханаңызда барлық қажетті тексерулерден өтуге құқығыңыз бар және емхана сізге қажетті медициналық орталықты көрсете отырып, сізді «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркейді.
2-СҰРАҚ:
Бірнеше күннен кейін мен өз емханамда күндізгі стационарға жатуым керек. Бірнеше талдауды жасатып, флюорография және электрокардиограммадан өтуім қажет. Талдауларды жасаттым, «флюраны» өттім. Бірақ, ЭКГ-ге жазылайын десем, тек екі аптадан кейін бара алады екенмін. Осы тұста күндізгі стационарға үлгермейтінім ештеңе шешпеді. Олар ЭКГ-ны өз емханамда ақылы түрде өтуді ұсынды. Емхананың осылай жасағаны дұрыс па? Пациент не істеу керек?
ЖАУАП:
Медициналық ұйым белгілі бір медициналық қызметтерді көрсету үшін Қормен шарт жасаса отырып, өзіне оның талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді алады. Қажетті дәрігерлердің, жабдықтардың және басқа факторлардың болмауы пациентке медициналық қызмет көрсетуді ұсынбаудың немесе кешіктірудің объективті себебі болып табылмайды.
Бұл жағдайда, егер емхана сізге күндізгі стационарға жатқызу үшін қажетті ЭКГ қызметін уақтылы ұсына алмаса, сізді бірлесіп орындау шарты бойынша басқа медициналық ұйымға жіберуге тиісті.
Пациент медициналық көмек қол жетімді болмаған жағдайда «Пациенттерді қолдау қызметіне» немесе тікелей осы медициналық ұйымның басшылығына жүгіне алады.
3-СҰРАҚ:
Мені қалалық ауруханаға емханадан МӘМС бойынша бейінді дәрігердің қарауына жіберді. Бұған дейін мен өзімнің учаскемде барлық қажетті талдауларды тапсырдым. Бірақ дәрігер кеңес беру кезінде алдымен барлық нәтижелерді қағазға басып шығарып, содан кейін ғана қабылдауға келуімді сұрады. Ол «бұл жұмысты мен үшін жасамауы керек» екендігін, барлығын қағаз түрінде көрсету қажеттігін айтты. Осы тұста дәрігер маған қорытынды беруден бас тарта ала ма? Егер менде медициналық ақпараттық жүйеге қолжетімділік болмаса (мен қарапайым телефонды қолданамын, онда арнайы мобильді қосымша жоқ) талдаулардың нәтижелерін қайдан аламын? Аурухана маңынан қағазға басып шығару қызметін қайдан іздеймін?
ЖАУАП:
МӘМС медициналық қызметін жеткізушілерге қойылатын талаптардың бірі — медициналық ақпараттық жүйелердің болуы. Бұл пациенттер алған барлық медициналық қызметтер электрондық форматта жазылатын ақпараттық жүйелер. Аталмыш медициналық жазбалар дәрігерлер мен пациенттерге қол жетімді.
Сіздің жағдайда МӘМС аясында медициналық қызмет көрсеткен дәрігер ақпараттық жүйеде өзіне қажетті барлық мәліметтерді көре алады және оларды қағазға басып шығарудың қажеті жоқ.
Мұндай даулы жағдайларда медициналық ұйымның «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіну керек.
Айта кетейік, пациент өзі пайдалану үшін немесе басқа клиникаларға ұсыну үшін қажет болса (мысалы, өздігінен жүгінген кезде), өз емханасында барлық сараптамаларды басып шығаруды сұрауға құқылы.
4-СҰРАҚ:
Біздің емханадағы аппарат бұзылып қалғандықтан, рентгенге басқа емханаға жіберді. Оларға телефон арқылы қабылдауға жазылсаңыз, қағаз түріндегі жолдамасыз қабылдамайтындарын бірден ескертеді. Ал емхана оның электронды базада көрінетіндігіне сілтеме жасай отырып, жолдаманы қағазға шығарып берген жоқ. Егер олар қабылдаудан бас тартса, не істеймін?
ЖАУАП:
Бұл алдындағы жағдайға ұқсас. Пациентті бірлесіп орындау шарты бойынша басқа клиникаға жібереді. Олар жолдаманы онлайн көре алады, бірақ ақпараттық жүйелердің интеграциясы күнбе күн болмай қалуы мүмкін. Сол себепті, мұндай жағдайларда емхана пациентті жедел қабылдау үшін жолдаманы қағаз түрінде көрсетуді сұрайды.
5-СҰРАҚ:
Менің ұлым 2021 жылдың соңы мен 2022 жылдың соңы аралығында әскери қызметте болды. Жақында емханаға барсақ, ол жерде медициналық көмек көрсетуден бас тартты және әскерде қызмет еткен уақытындағы МӘМС үшін қарыздарын төлеуді талап етті. Бірақ, мен оның ол кезде жеңілдік санатына кіргенін және мемлекет жарна төлеуі керек дедім. Осы жағдайда не істеу керек?
ЖАУАП:
Сіз дұрыс айтасыз, ҚР Қарулы күштерінде мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңі МӘМС жүйесінде жеңілдікті санат болып табылады. Әскери борышын өтеуші жарналар мен аударымдар жасамауы керек. Сарбаздар туралы деректерді қорғаныс органдары жібереді. Егер қандай да бір себептермен мәліметтер уақтылы жіберілмей қалса, берешек пайда болады.
Бұл жағдайда сіздің ұлыңыз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшылығының атына берешекті жою туралы өтініш жазып, әскери билеттің сканерленген нұсқасын тіркеп, қызмет өткеру мерзімін растау арқылы, оны мына электрондық мекен-жайға жіберуі керек: kanc@fms.kz.
Егер сіз берешекті төлеген болсаңыз, онда egov.kz мемлекеттік қызметі арқылы қате төленген жарналарды қайтаруға өтініш бере аласыз.
6-СҰРАҚ:
Мен ресми түрде жеке компанияда жұмыс жасаймын. Мен үшін МӘМС-ға аударымдар мен жарналар жасалынады. Бірақ, мен жақында сақтандырылмағанымды білдім. Telegram-дағы Saqtandyry-bot арқылы ЖСН бойынша тексеру кезінде мен шетелде оқыған кезеңнің бір бөлігі үшін қалыптасқан берешекті көрдім. Неліктен қалған оқу жылдары қарыз ретінде шықпайды? Мен не істеуім керек, осы көрсетілген айлар үшін төлем жасауым керек пе?
ЖАУАП:
Егер сіз шетелде күндізгі оқу бөлімінде оқысаңыз, онда осы кезеңде сіз халықтың жеңілдік санатында болдыңыз және сіз үшін МӘМС-ға мемлекет жарна төледі. Шетелде оқитын студенттің деректері ақпарттық жүйеде көрсетілуі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі egov.kz электрондық үкімет порталының «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөлімінде растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) қоса беру арқылы өтініш беру қажет болды. Әр семестрде жаңарту жүргізіледі. Шамасы, сол кезеңдердің бірінде сіз оқуды жалғастырғаныңызды растамағансыз және мемлекет сіз үшін жарналарды төлемеген.
Қазір оқу кезеңіндегі берешекті өтеудің қажеті жоқ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшылығының атына kanc@fms.kz пошта арқылы оқу кезеңіндегі берешекті жоюды сұрап, мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы бар білім туралы құжатты қоса бере отырып, өз қолыңызбен жазылған өтінішті жолдау қажет.
Тексеруден кейін берешек жойылады. Егер қалған кезеңдерде жарналар мен аударымдар төленген болса, сіздің мәртебеңіз «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» болып өзгереді.
Естеріңізге саламыз: егер сізде өзге де сұрақтар туындаса, сіз оларды Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласу арқылы өз емханаңызда қоя аласыз.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш беру және сақтандыру мәртебесін тексеру арналары:
- fms.kz ресми сайты,
- 1406 байланыс орталығы,
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы,
- Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтының «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.
Сондай-ақ МӘМС жүйесіндегі барлық мәселелер бойынша Сіз «ӘМСҚ» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалына 8(7162)551356 телефоны бойынша хабарласа аласыз.
Азамат Умертаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры
ӘМСҚ материалдары бойынша
Должны ли пациенты распечатывать анализы и направления?
Готовитесь к операции и проходите все обследования, а в поликлинике нет записи на ближайшее время, и вас отправляют на платные обследования? В другой клинике требуют предоставить направление в бумажной варианте? Не знаете, должны ли погасить задолженность, если служили в армии или учились за границей? Фонд социального медицинского страхования подготовил ответы на часто задаваемые вопросы, чтобы облегчить населению получение медпомощи.
ВОПРОС 1:
В частной клинике планируется проведение операции на ногу. Там мне сообщили, что могут сделать ее по ОСМС. Дали список необходимых обследований, чтобы прошла все в своей поликлинике. А разве такое возможно? Я слышала, что поликлиника сама направляет в какую-либо больницу, с которой работает. Могу ли последовать совету частного медицинского центра и прийти к ним по ОСМС через свою поликлинику?
ОТВЕТ:
Да, можете. В этом и есть одно из удобств системы ОСМС – свободный выбор медорганизации для получения медуслуг.
Поликлиника может направить своего пациента за получением медицинской услуги как в медицинскую организацию, с которой у нее заключен договор соисполнения, так и в ту, которую выбрал сам пациент. Главное – чтобы эта клиника была в базе поставщиков Фонда.
В вашем случае медицинская организация уже сама подтвердила вам, что работает по ОСМС и готова вас принять по направлению. Вы имеете право пройти все необходимые обследования в своей поликлинике, и она оформит вас на портале «Бюро госпитализации», указав нужный вам медицинский центр.
ВОПРОС 2:
Через несколько дней у меня госпитализация в дневной стационар в своей же поликлинике. Нужно сдать несколько анализов, сделать флюорографию и электрокардиограмму. Анализы сдал, «флюру» прошел. А вот с ЭКГ возникла проблема: сказали, что ближайшая запись только через две недели. Тот факт, что тогда не успею на дневной стационар, ничего не решил. Предложили пройти ЭКГ у них же, но платно. Права ли поликлиника? Что делать пациенту?
ОТВЕТ:
Заключая договор с Фондом на оказание тех или иных медицинских услуг, медицинская организация берет на себя обязательства по исполнению условий договора. Отсутствие необходимых врачей, оборудования и другие факторы не являются объективной причиной для непредоставления или задержки оказания медицинских услуг пациенту.
В данном случае, если поликлиника не может своевременно сама предоставить вам услугу ЭКГ, которая необходима для госпитализации в дневной стационар, вас должны направить в другую медицинскую организацию по соисполнению.
В случае недоступности медицинской помощи пациент может обратиться в Службу поддержки пациента либо непосредственно к руководству данной медицинской организации.
ВОПРОС 3:
Меня направили в городскую больницу от поликлиники к профильному врачу по ОСМС. До этого сдал все необходимые анализы у себя на участке. Но этот врач во время консультации попросил сначала распечатать все результаты и лишь потом приходить на прием. Говорит, что «не должен делать за меня эту работу», якобы все нужно в бумажном виде прикладывать. Правомерно ли, что мне отказывают в заключении из-за этого? Где мне взять сами анализы, если доступа к медицинской информационной системе у меня нет (специального мобильного приложения нет, пользуюсь кнопочным телефоном)? И где искать услуги распечатки возле больницы?
ОТВЕТ:
Одно из требований к поставщикам медуслуг ОСМС – наличие медицинских информационных систем. Это информационные системы, в которых в электронном формате ведется запись всех полученных медуслуг пациентом. Эти медицинские записи доступны врачам и самому пациенту.
В Вашем случае врач, у которого Вы получали медуслуги по ОСМС, мог увидеть все нужные ему сведения в информационной системе и не было необходимости распечатывать их на бумаге.
В таких спорных ситуациях полезным будет обратиться в Службу поддержки пациента медицинской организации, в которой возникло непонимание.
Добавим, что пациент же имеет право запросить распечатку всех анализов в своей поликлинике, если они ему необходимы для личного пользования или для предоставления в другие клиники (например, при обращении в частном порядке).
ВОПРОС 4:
Отправили на рентген в другую поликлинику, так как в нашей сломался аппарат. Когда записываешься к ним в на прием по телефону, сразу предупреждают, что без бумажного направления не примут. А поликлиника не выдавала распечатанное направление, ссылаясь на то, что его увидят в электронной базе. Как мне быть, если откажут в приеме?
ОТВЕТ:
Здесь аналогичная ситуация, как и в предудыщем вопросе. Пациента отправляют по соисполнению в другую клинику, которая должна видеть направление онлайн, однако интеграция информационных систем может не произойти день в день. Возможно, в таких случаях поликлиника просит продублировать направление на бумажном носителе, чтобы оперативно принять пациента.
ВОПРОС 5:
Мой сын служил в армии в период с конца 2021-го по конец 2022 года. Недавно обратились в поликлинику, там отказали в медицинской помощи и заставляют оплатить задолженность за время службы в армии. Хотя я настаивала, что за него должно было платить взносы государство как за льготника. Как нужно поступить на самом деле?
ОТВЕТ:
Вы правы, период прохождения срочной воинской службы в вооруженных силах РК является льготным в системе ОСМС. Взносы и отчисления служивший производить не должен. Данные о солдатах направляют органы обороны. Если по каким-либо причинам сведения не были своевременно переданы, возникает задолженность.
В данном случае Вашему сыну необходимо написать заявление об аннулировании задолженности на имя руководства Фонда социального медицинского страхования, приложить скан-версию военного билета, тем самым подтвердив период прохождения службы, и направить по электронному адресу: kanc@fms.kz.
Если вы уже произвели оплату задолженности, то вы можете подать заявление на возврат ошибочно уплаченных взносов посредством государственной услуги на egov.kz.
ВОПРОС 6:
Я работаю официально в частной компании. Отчисления и взносы за меня производят. Но недавно увидел, что я не застрахован. При проверке по ИИН через Saqtandyry-bot в Telegram показывает задолженность за часть периода, когда я учился за границей. Почему остальные годы учебы не выходят как долг? Что мне делать, нужно оплатить эти месяцы?
ОТВЕТ:
Если Вы учились за границей в очной форме, то в этот период Вы относились к льготной категории населения и взносы на ОСМС за вас платило государство. Чтобы данные студента, обучающего за рубежом, отобразились в информационной системе Министерства науки и высшего образования РК, необходимо было подать обращение на портале электронного правительство egov.kz в разделе «Регистрация студентов, обучающихся за рубежом» и прикрепить подтверждающий документ (справка с места учебы). Обновление производится в каждом семестре. По всей видимости, в одном из периодов вы не подтвердили, что продолжаете учиться, и за вас государство не оплатило взносы.
Сейчас погашать задолженность за период обучения не нужно. Необходимо направить собственноручно написанное заявление на имя руководства Фонда социального медицинского страхования с просьбой аннулировать задолженность за период учебы по почте: kanc@fms.kz, приложив документ об образовании с переводом на государственный или русский язык.
После проверки задолженность будет аннулирована. Если за остальные периоды произведена оплата взносов и отчислений, ваш статус поменяется на «ЗАСТРАХОВАН».
Напоминаем, если у вас остались вопросы, вы можете задать их в своей поликлинике, обратившись в Службу поддержки пациента.
Каналы подачи обращений в Фонд социального медицинского страхования и проверки статуса застрахованности:
- официальный сайт fms.kz,
- контакт-центр 1406,
- мобильное приложение Qoldau 24/7
- SaqtandyryBot в Telegram.
Также проверить свой статус в системе медицинского страхования и узнать о произведенных платежах можно посредством государственной услуги «Информация о медицинских услугах и о перечисленных суммах в ОСМС» на сайте электронного правительства РК egov.kz в разделе «Здравоохранение».
Также по всем вопросам в системе ОСМС вы можете обратиться в филиал по Акмолинской области НАО «ФСМС» по телефону: 8(7162)551356.
Азамат Умертаев, директор филиала по Акмолинской области НАО «Фонд социального медицинского страхования»
По материалам ФСМС