Сайлау кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі іс-шараларда Ішкі істер органдарының 45 000 мыңға жуық қызметкері  жұмылдырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы онлайн марофон кезінде ҚР ІІм Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.

Сайлау өткізетін орындарда құқық бұзушылықтарды жылдам білу үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылған. Бюллетендерді алып келгенге дейін барлық сайлау учаскелері толықтай тексерілді. Сайлау орындарында бюллетеньдерді жеткізген кезде полиция ілесіп алып жүруді қамтамасыз етті. Сайлау туралы заңның 39-бабына сәйкес полиция қызметкерлерінің сайлау жүргізу процесіне араласуға, сондай-ақ дауыс беру арналған үй-жайларда болуға құқығы жоқ. Одан бөлек сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың жолын кесу үшін олар комиссия төрағасы шақырған жағдайда ғана барады. Жалпы қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Жоғары тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ,- деді ҚР ІІм Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA