Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерді сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Саясат Нұрбек елордадағы №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
«Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, ең көп кандидат тіркелді. Екіншіден, өзін-өзі ұсынған үміткерлердің көптігі. Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың 82%-ы өзін-өзін ұсынғандар. Ал мәслихаттарда 60%-дан астам. Бұл саяси бәсекенің өсуі мен жоғары белсенділікті көрсетеді. Сайлауда өзім танитын бірқатар мықты азаматтар түсіп жатыр. Сонымен қатар саяси науқанға реформаларға сенбеген азаматтар да қатысып отыр, бұл жақсы нышан. Белсенділіктің өсуінің белгісі. Сайлауға отбасыммен келіп өз таңдауымызды жасадық», — деді Саясат Нұрбек сайлауда дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Министрдің айтуынша, жастар сайлауға белсенді қатысып жатыр.
«Сайлауда студенттердің дауыс беру мәселесін өте қатаң бақылауға алдық. Ешқандай мәжбүрлеу болмайды. Бұл мақсатта біз жоғары оқу орындары басшыларымен жұмыс жүргізіп, нұсқаулық берілді. ЖОО-дағы сайлау учаскелерінде талапқа сай тиісті жағдай жасалды. Студенттерді дауыс беруге мәжбүрлеген жағдайда министрлік жанынан былтыр құрылған амбудсмен Айсұлу Ерниязоваға тікелей хабарласуға болады. Ол студенттердің құқығын қорғайтын уәкіл. Амбудсмен барлық студенттік ұйымдармен тікелей байланыста», — дейді С. Нұрбек.
Студентов не заставляли голосовать
Министр науки и высшего образования Саясат Нурбек заявил о том, что студентов в этом году не заставляли голосовать на выборах депутатов Мажилиса и маслихатов, передает корреспондент МИА «Казинформ».
«Мы очень серьезно подошли к традиционной критике, что студентов заставляют организованно участвовать в выборах. Были даны серьезные инструкции всем ректорам, деканатам, кафедрам. Созданы специальные ситуационные центры, а также при министре создана специальная должность – омбудсмен по защите прав студентов. Им стала Айсулу Ерниязова. За эти полгода она уже лично познакомилась со всеми студентами, президентами студенческих организаций. Любой студент напрямую может к ней обратиться, если считает, что его права были ущемлены или оказывалось давление», — заявил министр Саясат Нурбек в ходе общения с журналистами.
Министр науки также отметил, что каждый студент делает свой выбор.
«Даже решениями советов в наших высших учебных заведениях агитация внутри университетов в этот раз не проводилась», — добавил Саясат Нурбек.
К слову, министр науки и высшего образования проголосовал на избирательном участке №11, расположенном в Национальной академической библиотеке.