Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында Аустрия еуропалық саясат және қауіпсіздік саясат институтының басқарушы мүшесі және кеңесшісі Доктор Мартин Сайдик посткеңестік елдер жөнінде ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
1991 жылдың желтоқсанынан бастап посткеңестік елдер әртүрлі даму процестерінен өтті. Олардың 12-сі ішкі қақтығыстардан өтті және кей кездері ол қантөгістер де болды. 1991 жылдан бері кейбір елдер әлі де мемлекетаралық немесе ішкі қақтығыстардың арасында болды. Осы Ресейдің Украинаға қарсылығы 2014 жылы Қырымнан басталған болатын, — деді ол.
Доктор Мартин Сайдик посткеңестік елдер ішінде Қазақстанға қақтығыстар өзгерістер әкелгенін атады.
Кейбір елдерде ішкі қақтығыстар өзгерістерге әкелді. Қазақстанда да солай болды. Қазір осы өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Бүгінгі сайлау да соның көрінісі, — деді ол.
Ол кәсіби сайлау байқаушысы болмағандықтан, сайлау туралы терең талдау жасай алмайтынын айтты. Бірақ халықаралық байқаушылар тарапынан Қазақстанға деген қызығушылық зор екенін көріп отырғанын жеткізді.
Бұған дейін халықаралық байқаушы сайлауда көзіне оғаш көрінген жайтпен бөліскен болатын.