Қазақстанның 15 өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген республиканың 6 390 046 азаматы бюллетень алды. Бұл жалпы сайлаушылардың 53,11 пайызын құрайды.

Қазіргі уақытта еліміздің 5 өңірінде, атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру жалғасуда. Бұл өңірлерде сайлау учаскелері елорда уақытымен сағат 21-00-де жабылады.

Айта кетерлігі, Қазақстанның 62 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан 77 сайлау учаскесі ашылған болатын. Оларда 12 016 адам дауыс беруі тиіс. Астана уақытымен сағат 18:00-де шетелдердегі 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады және қазір жұмыс істеп жатқан учаскелерді қосқанда шамамен 5 мың Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл 42 пайызды құрайды. 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың учаскелерге келуі туралы сағат 20:10-да және 22:10-да ақпарат ұсынатын болады.

Голосование на выборах депутатов Мажилиса и маслихатов на большей части Казахстана завершено

В 15 регионах Казахстана завершились выборы депутатов Мажилиса и маслихатов, передает корреспондент МИА «Казинформ».

По состоянию на 18:00 по времени Астаны 6 390 046 граждан Казахстана, включенных в списки избирателей, получили бюллетени. Это 53,11% от общего числа избирателей. В настоящее время продолжается голосование в пяти регионах страны, а именно в Актюбинской, Атырауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской и Мангистауской областях. В этих регионах избирательные участки закрываются в 21:00 по времени Астаны.

При представительствах Казахстана в 62 иностранных государствах открыто 77 избирательных участков. В них должны проголосовать 12 016 человек. В 18:00 по времени Астаны завершили работу 11 избирательных участков за рубежом и проголосовали около 5 тысяч граждан Казахстана, включая тех, которые сейчас работают. Это 42%. 66 участков продолжают работать. Голосование за рубежом завершится в 09:00 20 марта на избирательном участке в Сан-Франциско.

Центральная избирательная комиссия представит информацию о прибытии граждан на участки в 20:10 и 22:10.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды