АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін, 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлау күні елімізде 609 кішкентай қазақстандық дүниеге келді, оның ішінде 312 ұл, 297 қыз, бір егіз.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз!
Бүгін республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылды»,-делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарамада.