Алғыс білдіреміз
Балабақшадағы тәрбие — барлық тәрбиенің бастамасы. Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші ордасы. Балаларға әрқашан қамқор болып, жұмыс істеуден шаршамайтын жандардың бірі, «ОВПП Мерей» ЖШС «Ақ бұлақ» ересектер тобының тәрбиешілері Айна Есиловна Жаныкулова мен Назгуль Айбековна Каримова. Кішкентай балапандарымыздың жан-жақты дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиелеуде өз үлестерін аянбай қосып жүр. Қызым күнде балабақшаға баруға асығады, апайларын жақсы көреді, оларға еліктейді. Айна Есиловна Жаныкулова ұзақ жылдардан бері балабақшада қызмет жасайды. Ұлымның да тәрбиешісі болды. Қазіргі уақытқа дейін ұлым апайын ұмытпайды. Құрметті біздің тәрбиешілер еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңызға бақыт тілейміз. Сіздердің өрелі жұмысыңыз бен өлшеусіз еңбек үшін алғысымызды білдіреміз!
Ақ бұлақ тобының тәрбиеленушісі Қуаныш Айзеренің ата-анасы