Жаһандық құзыреттілік (ЖҚ) дегеніміз — жергілікті, ғаламдық және мәдениетаралық проблемаларды зерттеу, басқалардың көзқарасы мен дүниетанымын түсіну және бағалау, әртүрлі мәдениетке жататын адамдармен ашық, тиісті деңгейде және тиімді өзара әрекеттесу, ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты даму үшін әрекет ету қабілеті.

Бізге жаһандық құзыреттілік не үшін қажет? Көпмәдениетті қо ғамдастықпен үйлесімде өмір сүру үшін. Жаһандық құзыреттілік бойынша білім беру қоғамдағы мәдени хабардарлық мен сыйластыққа құрылған әрекеттестікке ықпал етуі мүмкін.

Жаһандық құзыреттер — бұл нақты дағдылар емес, қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін кез келген проблемаларды шешуге қатысу қолданылатын білім, білік, көзқарас пен құндылықтардың үйлесімі.

Қазіргі ғаламдық табиғаттағы өзгерістерге, климаттың өзгеруіне, шөлейттену, су айдындарының таяздануына деген көзғарас мекетеп қабырғасында оқылатын пәндер арқылы түсіндіріліп сыни қарауға бағытталмақ.

Осы орайда сөзіме тиек еткім келгені — аталған пән бойынша өткізілген мұғалімдерге арналған арнайы курс бағдарламасы. «Жаһандық құзыреттер» арнайы курсы сәуір айыныі 03-14 аралығында Ақмола облысы, Бұланды ауданына қарасты Макинск қаласында өткізілді.

Курсты ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты. Курс жетекшісі — аға оқытушы Самуратова Рауза Тукеновна бізге екі апта бойында осы пән бойынша дәріс берді. Тыңдаушылар Бурабай және Бұланды ауданының мұғалімдері. Бұл пән өмірлік жағдайда кез-келген жағдаяттарда кездесетін болғандықтан, тыңдаушы ретінде әр білім ошағынан жиналған ұстаздар да әр пәннің мұғалімдері. Оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, химия, биология, еңбекке баулу сынды пән мұғалімдері болса, сонымен қатар мектеп директорлары, оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері, педагог-психологтар да тыңдаушы ретінде қатысты.

Қазіргідей алуан түрлі, өзара байланысты және өзгермелі әлемде оқушылардың есеюі экономикалық, әлеуметтік, мәдени, цифрлық, демографиялық, экологиялық және кейде эпидемиологиялық факторлардың ықпалымен жүзеге асады. Жаһандық ауқымдағы тәуекелдер мен қарама-қайшылықтар жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынады, сонымен қатар жаңа проблемаларды да туындатады. Жаһандық проблемаларды шешу үшін халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде қатысушылардың әрқайсысының жаһандық құзыреттілігі қажет.

Б.Б. Асанова,

Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA