Ақмола облысы бойынша цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» КММ қызметінің негізгі бағыттарының бірі жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық және генеологиялық сұраныстарын орындау болып табылады. Бурабай ауданының мемлекеттік архиві жыл сайын Қазақстан азаматтарының, алыс-жақын шетелдердің, заңды тұлғалардың өтініштері бойынша үш мыңға жуық архивтік анықтамалар жасайды.
Сұраныстарды орындау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына» сәйкес толықтырулар мен өзгертулер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік архив кеңсесі (көрсетілетін қызметті беруші), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация) және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінішті қабылдау және архивтік анықтама беру жүзеге асырылады. (бұдан әрі — портал).
Құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – архивтік анықтама 11 жұмыс күні ішінде беріледі.
Архив анықтамасында әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтер: еңбек өтілі, жалақысы, білімі, азаматтық хал актілері туралы мәліметтер, нотариаттық мәмілелер, құқық белгілейтін құжаттар болады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымды зерделеу, сондай-ақ бес жылдан астам мерзім талап етілетін жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзім өткеннен кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге қызмет көрсету мерзімін ұзартады, бұл туралы қызметті алушыға 3 күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Құжаттар алдын ала жазылусыз, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда, кезек тәртібімен қабылданады.
Мемлекеттік архивте өтінішті қабылдау және архивтік анықтаманы беру сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселесі бүгінде мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл сондай-ақ халыққа қолайлы жағдай жасау, бюрократиялық кедергілерді жою және қызмет көрсетушілермен өзара әрекеттесу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюмен байланысты.
«Электрондық үкімет» порталы «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру міндеттерін шешудің негізгі тетігі болып табылады, оның мақсаты көрсетілетін қызметтердің жалпы санынан электрондық қызмет көрсету деңгейін 80 пайыз деңгейіне жеткізу болып табылады.
Орналасқан жері: Щучье қ., көш. Саяхат, 16
Байланыс телефондары: 8 (71636) 2-38-06, 2-39-70, 2-39-24
e-mail: arhiv_burabai@ aqmola.gov.kz