Бурабай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының                  14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Зеленобор ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3310 азамат енгізілді, олардың 2034-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 144, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар — 271.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

М.А. Баженов — 1283; Д.Е. Құлан — 196; Е.Б. Накенов — 140.

Зеленобор ауылдық округінің әкімі болып 1968 жылы туған Мәди Ақанұлы Баженов сайланды, Зеленобор ауылдық округінің Наурызбай батыр ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 5 маусымдағы шешімімен 2023 жылғы 4 маусымда сайланған Мәди Ақанұлы Баженовті, Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округінің әкімі етіп тіркеді.

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA