«Жаңа 2023-2024 оқу жылында Ақмола облысының 541 мектебіне 137 мыңнан астам оқушы келеді, оның ішінде 14731 бала бірінші сынып оқушылары. Оқушылар саны артып келеді. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 2 мың адамға артты. Жалпы, білім беру саласы өңір басшылығының ерекше бақылауында», – деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте білім берудің өзекті мәселелері қаралды. Олардың ішінде — кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, материалдық көмек көрсету, қауіпсіздік деңгейін арттыру және жылыту маусымына дайындық.

Ведомство басшысы Шоқан Оразалин баяндамасында атап өткендей, соңғы үш жылда білім беру бюджеті 107 млрд. теңгеге ұлғайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында 599 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 8 балабақшада ағымдағы жөндеу жұмыстары, сондай-ақ 2 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жүргізілуде.

2022-2023 оқу жылында облыстың 542 мектебінде 135 мыңнан астам оқушы оқуды аяқтады. Жаңа оқу жылында “Әліппе”, “Ана тілі” пәндерін енгізу, ағылшын тілі бойынша пәндік жүктемені бір сағатқа ұлғайту, экологиялық білім беру сапасын жақсарту, педагогтар үшін “Цифрлық кітапхана” жобасын енгізу және т.б. сияқты өзгерістер жоспарлануда.

Өңірде екінші жыл қатарынан білім беру ұйымы басшыларының ротациясы және педагогтарды жаңа тәртіп бойынша қабылдау жүріп жатыр. Ротациялауға жататын білім беру ұйымының 39 басшысынан комиссия отырысының қорытындысы бойынша 6 басшыны ротациялау туралы шешім қабылданды. Әкімшілік және педагогикалық кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуге де көңіл бөлінеді. Облыстың білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті 23 мыңнан астам педагог жүзеге асырады.

Баяндамашы жиналғандарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы хабардар етті. Өңірдің 7 мыңнан астам оқушысы үшін жыл сайын 191 елді мекеннен 188 автокөлік құралына тасымалдау ұйымдастырылады. Облыс бойынша оқулықтар мен ОӘК сатып алуға 906,7 млн. теңге қарастырылған. “Жалпыға бірдей оқыту” қоры аясында 17508 оқушы қолдау алады. Осы мақсаттар үшін 3,2 млрд.теңге сомасында қаржы қаражаты қарастырылды. Жыл сайын “Мектепке жол” акциясы өткізіледі.  Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыстың барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілетін болады.

Жеке тараумен жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі қозғалды. 2023 жылы 95 білім беру объектісіне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге бюджеттен 9 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, оның ішінде 44 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізуге 8,6 млрд.теңгеден астам бөлінді.

Облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысына тұрақты бақылау жүргізу қажеттігін атап өтті.

“Аудандар мен қалалардың әкімдеріне білім беру объектілеріндегі жөндеу барысын ерекше бақылауға алуды тапсырамын, Есіл, Целиноград, Жарқайың, Аршалы, Бұланды, Шортанды аудандары мен Көкшетау қалаларындағы мектептерге күрделі жөндеу жүргізуге ерекше назар аударамын”, — деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында, барлық ұйымдар бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілді. 123 балабақшада, 536 мектепте, 26 колледжде 17,8 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды. 469 мекемеде — “дабыл түймелері” бар, лицензияланған күзетті қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінді. Көкшетауда барлық білім беру ұйымдары 2021 жылдан бастап лицензияланған күзетке толығымен ауыстырылғанын атап өту қажет. Турникеттерді орнату және кіруді басқару жүйесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кеңесте жылыту маусымына дайындық мәселесі көтерілді. Блокты-модульді қазандықтарды орнату әдісімен білім беру ұйымдарының ғимараттарынан қазандықтарды шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстық бюджеттен қазандықтарды шығаруға қаражат бөлінді. Алдағы жылыту маусымына қатты отынға жалпы қажеттілік 134,4 мың тонна көмірді құрайды. Қазірдің өзінде жеткізуге шарттар жасалды. Бүгінгі таңда, 35,3 мың тонна жеткізілді, бұл 3 айлық норманың 61% құрайды.

Жиынды қорытындылай келе, өңір басшысы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз етуді, білім беру объектілерінде жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауды тапсырды. Аудандар мен қалалардың әкімдеріне ауылдық жерге жұмысқа келген жас педагогтерге әлеуметтік қолдау көрсетуді және ауылдық елді мекендерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге коммуналдық қызметтерге 15 АЕК мөлшерінде ақы төлеуге ақшалай қаражат төлеуді қамтамасыз ету, “Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар” санатындағы азаматтарға тұрғын үй бөлуді қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.

“Мемлекет құрған жағдайларға қарамастан, оқушылардың білім сапасы ерекше қуантпайды. Соңғы жылдары осы көрсеткіштің төмендеу үрдісі байқалады. Жағдайды түзету қажет”, — деп атап өтті   Е. Маржықпаев.

Похожие записи

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA

Вы пропустили