Құрметті редакция бұл мақалам еліміз жайлы болып отыр. Биылғы жылы өшкен үмітімізді жаққандай болып отырмыз. Бұл жақсылықты отыз үш жыл күткен едік, сол ұзағынан күткен жақсылығымыз биыл басталды. Ауылымызда су құбырының құрылысы басталып, салынып жатыр. Бұдан бөлек жастарымыз үшін спорт алаңы ашылып іске қосылды. Осындай жақсылықтарды көре отырып, қолыма қалам алмай отыра алмадым. Ауылымыздың тумасы, ардақты баласы, Мәди Аханұлы Баженовті елдің әкімі етіп сайладық, ел болып әкім болсын деп сұрап алдық. Көкшетаудан жылы ұясын тастап, ауылымызды тастамай елге келіп, ел үшін аянбай қызмет атқарып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалып дамыл тауып жатқан жоқ. Өзінің де «ауылымды көтерсем» деген басты арманы екен. Сол арманының жемісін көріп жатыр. Себебі ол аянбай жұмыс істейді. Елдің қарттарымен мүгедектеріне қарасып, хал-жағдайын біліп тұрады. Сол себептен Мәди Аханұлына алғысымыз шексіз. Елімізде Мәдидей алғыр азаматтар жасай берсін!
Мен келдім бұл ауылға бала жастан,
Он беспен он алтыдан жаңа асқан.
Сондықтан ауылым деп ет жүрегім,
Соғады елжірейді бала жастан.
Сол елді бір жылдары түк қалмады,
Мектеп пен аурухана тек аттары.
Дауылдан құлағандай емен-терек,
Үңірейіп күйзеліп жұрты қалған.
Елдің зарын естіп шықты бір бала,
Әкім сайлап шақырды елге халықта.
Сенімді ақтаймын деп іске кірісті,
Тіршіліктің көзі келеді халқымыз қуана!..
Мың да бір рақмет Мәди саған!
Алпысов Төлеген Шаймерденұлы, зейнеткер