Дастан Ерланұлы Құланның

сайлауалды бағдарламасы

1990 жылы 24 сәуірде Ақмола облысы Зеренді ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келдім. 2012 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірдім.
      Еңбек жолын 2013 жылы бастадым. 2013 жылғы қаңтар мен 2013 жылғы қараша аралығында Бурабай аудандық сотында курьер болып жұмыс істедім. 2013 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Бурабай ауданы Катаркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы болып жұмыс істеймін.

Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз — әділ Қазақстан құру арқылы Мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды шешуге Бурабай кенті әкімінің қызметі бағытталатын болады

Менің сайлауалды бағдарламам:

— жас ұрпақты барлық игі істерінде белсенді қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау;

— халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау, көп балалы және толық емес отбасылар, соғыс және еңбек ардагерлері, жетім балалар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер сияқты азаматтар санаттарының мүдделерін қорғау;

— жаңа жұмыс орындарын құру, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытуға белсенді жәрдемдесу;

— денсаулық сақтау, білім беру салаларына байланысты мәселелерді қарау кезінде қолдау көрсету;

— аула аумақтарын абаттандыру, оларды көгалдандыру, балалар және спорт алаңдарын жабдықтау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA