Ибраев Алмаз Абайұлының
сайлауалды бағдарламасы
Мен, Ибраев Алмаз Абайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Щучинск қаласында дүниеге келдім. Щучинск қаласының 6 орта мектебін бітірдім. «Туризм» мамандығы бойынша жоғары білімім бар. Еңбек жолын «Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округі аппараты» КММ-сінде 2014 жылда бас маман ретінде бастадым. 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін «Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округі аппараты» әкімінің орынбасары ретінде жұмыс істеймін.
Құрметті сайлаушылар!
Кенесары ауылдық округінің әкімі лауазымында мен халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша маңызды мәселелерді шешуге дайынмын. Сіздің қолдауыңыз бен сеніміңізбен ауылдық округтің дамуы мен өркендеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынмын.
Мен Кенесары ауылдық округінің әкімі лауазымындағы жұмысымның негізі әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді шешу деп санаймын. Жұмысымда келесіні жоспарлап отырмын:
— ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
— аудан қызметінің түрлі салаларында жас кадрларды даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;
— ауылдық округті абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын күшейту;
— ауылдық округтің ауылдары арасында жол қатынасының қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, жол жамылғысының сапасын қадағалау;
— спортпен шұғылдану мүмкіндіктерін кеңейту;
— халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау, көп балалы және толық емес отбасылар, соғыс және еңбек ардагерлері, жетім балалар, мүгедек адамдар, зейнеткерлер азаматтар санаттарының мүдделерін қорғау.
Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін!