Бурабай ауданына қарасты, Кенесары, Абылайхан, Бурабай округтерінде әкім сайлауы өтіп жатыр.
✒️ Халықтың белсенділігі басым. Таңғы жетіде басталған сайлау учаскісіндегі дауыс берушілермен сөйлесіп тілдестік.
-Әкім сайлауында халық өз таңдауын жасап, қолынан іс келетін адамға дауыс бергені жөн, бұрынғыдай емес-жыл өткен сайын, ауылдық округтер дамып, қанатын кеңге жайып өсіп келе жатыр,-дейді ауыл тұрғындары.
Қырыққа жуық түтіні бар, Қарабауыр ауылына барып, сайлау учаскесінде дауыс беріп жатқан ауыл тұрғындарымен тілдестік
Демократиялық тұрғыдан осылай сайлау өткізіп, халық өз таңдауын жасағандығы құптарлық іс. Елдің дамуы, халықтың қалыпты өмір сүруі, бұның барлығы болашақ үшін жасалып жатқан саяси бастама ғой,-дейді дауыс беруші қарабауырлық тұрғындар.
Абылайхан ауылының тұрғындары таңғы 07:00-ден бастап, лек-легімен дауыс беруге асығып келіп жатыр. Абылайхандық Беркімбай Шонаев, Ағыбай Қабдин, Өмірбек Әбжанов есімді ақсақалдар: — елдің дамуы мен өсуі, елдің басшысына байланысты, бақ пен бап шабады дейтіндей емес, өзіміздің таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Бұрын депутаттарды сайласақ, осы жолы күнделікті өмірімізде көріп, мұң -мұқтажымызды айтып, елдік мәселені ортаға салатын ауыл әкімін сайлағанымыз дұрыс бастама,-деп ағынан жарылды.
✒️жалғасын алдағы сайлау учаскесінен жалғастырамыз…