1.       Қазақстанда табиғи және тарихи ескерткіштерді сақтау бойынша ауқымды акция басталды – AMANAT

2. «Адал азамат» ұғымы өз еліңнің табиғаты мен мәдениетін сақтаудан басталады

3. «AMANAT» партиясының жастар қанаты ұлттық мұраны сақтауға күш салады

4.       «Табиғатқа жасалған тағылық» – «Жастар Рухы» ескерткіштерді тазартуға арналған жалпы республикалық акция бастады

Вандализмге жол жоқ! Осындай ұранмен «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтауға бағытталған республикалық ауқымды акцияны бастады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысындағы ел дамуына қатысты ой-толғамында атап өткендей, ел мен жерге деген жанашырлық – «Адал азамат» тұлғасының ең асыл қасиеттерінің бірі.

Алайда, соңғы кезде вандализм, әсіресе қорықтар, табиғи саябақтар мен киелі орындарда орын алған келеңсіз оқиғалар туралы хабарламалар жиілеп кетті. Сондықтан, тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында, сондай-ақ, туған жердің табиғаты мен тарихына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру  үшін «Жастар Рухы» жастар қанаты ұлттық қазынаны қорғауға арналған акцияны бастады. Атап айтқанда, белсенділер еліміз бойынша ескерткіштерді, онымен іргелес аумақты тазартып, ретке келтіреді. Жастар осы іспен қатар туған өлкенің тарихын, дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды зерделеуге мүмкіндік алады.

Бүгінде 50-ден астам рухтастар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан «Жұмақтас» жартасын тазалауға кірісіп кетті. Бұл жартас – тек тарихи ескерткіш қана емес, сонымен қатар мәдени мұра. Акцияға волонтерлерге әдістемелік және басқа да жалпы көмек көрсететін Ұлттық парк пен облыстық мәдени мұраны қорғау орталығының мамандары қатысады.

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары Ақерке Искандерованың айтуынша, бұл акция – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі ғана емес, жастардың халық игілігін қорғауға қосқан үлесі.

«Мұндай ескерткіштер бүкіл қазақ халқына ортақ мұра, ол ұлттық бірегейлігімізді айшықтайды. Президент өз Отанын шын сүйетін адам туған елінің табиғатын да барынша қорғайды деп бекер айтқан жоқ. Біз қазір қоғамда ілгерілетуге және қалыптастыруға ұмтылып жүрген патриотизм идеясы да осыған саяды деп ойлаймын. Осынау игі акция қазақстандықтарды ортақ құндылықтар төңірегінде топтастырады деген сенімдеміз. Қазақстан азаматы ретінде Мемлекет басшысының идеясын қолдауды маңызды деп санаймыз. Сондай-ақ, еліміздің басты мерекесі – Республика күні қарсаңында мәдени және табиғи мұрамызды бағалайтын, оның болашағына бей-жай қарамайтын азаматтарды, қоғамдық ұйымдарды бізге қосылуға шақырамыз» — деді ол.

Ақерке Искандерова аталған акцияның қоғамда экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Өткен жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «AMANAT» партиясының XXII Съезінде «ТазаLike» экологиялық тәрбие жобасы басталған еді. Жастар қанатының белсенділері мен жақтастары жоба аясында ел аумағы бойынша мыңға жуық экологиялық акция өткізіп, оған 80 мыңнан астам адам қатысты.

«Жастар Рухы» белсендісі Жасұлан Рахымов вандализммен тек күш біріктіре отырып күресуге болады деп есептейді.

«Осындай жерге келетін кейбір адамдардың әрекеті көңілге қаяу түсіреді. Адамдардың демалуға келетіні түсінікті, бірақ бұл табиғатқа тағылық жасап, оны қалай болса солай бұлдіруге болады деген сөз емес қой. Ондай әрекетке барған адамдар өз ісі үшін ұялып қана қоймай, жасаған әрекеті үшін заң алдында жауап беруі, айыппұл төлеуі тиіс. Ата-бабамызыдан мұра болып қалған кең байтақ даланың әрбір бөлшегін таза ұстауымыз керек», — деді ол.

Болашақ ұрпақтың игілігі үшін табиғатты сақтау – «AMANAT» сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, құжатта табиғат қорғау іс-шараларының сапалы іске асырылуына тұрақты партиялық бақылау жүргізу көзделген.

Ескерткіштерді қалпына келтіру және тазартуға арналған акция еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады. Күні ертең «Жастар Рухы» белсенділері сарапшылармен және қоғам белсенділерімен бірге еліміздегі барлық ұлттық паркке, «Аққайнар» петроглифтік кешеніне, «Тамғалы-Тас» шатқалына және басқа да нысандарға барады.

Похожие записи

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA

Вы пропустили