Кітапхана дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының құнды сырларын сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің нағыз киелі ордасы.

 Кітапхана оқырман үшін үлкен өмір мен тәрбие ошағы. Сыры мол сырға толы сансыз  жауабы табылмаған сұрақтың шешуін тапқан қайталанбас білім ордасы.  Қасиетті кітаптарымызды олардың ішіндегі алтынға да айырбастауға келмейтін қазыналарымызды көздерінің қарашынғындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылардың еңбегі орасан зор. Абыройлы мамандықтың қиындығы мен қызығын арқалап жүрген мамандық иелерінің  болашақ саналы ұрпақты тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі ұшаң теңіз.

Бүгінде адалдықтың ақ жүгін арқалаған кітапханашылардың айтулы мерекесі қазан айының жиырма төрті «Кітапханашылар күні» биыл екінші рет мерекеленуде.  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен Кітапханашылар күні мерекесіне орай «ЖАС КІТАПХАНАШЫ 2023: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» атты жастар форумы өтті.  

Байқауға Республика бойынша 16 облыстан 42 жас кітапханашылар қатысты. Бірінші кезеңде жас кітапханашы мамандар арасында бейне-Reels форматында авторлық жоба ұсынып, екінші кезеңге үміткерлердің ішінен үздік деп танылған 10 маман өз жобаларын қорғап, бақ сынасты.

Бурабай ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен орталық аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Жадра Жасұланқызы Куанышбекова кітапхананың «Досым оқыған кітап» оқу жобасы бойынша бейне-ролик дайындап, 5 үздік жоба қатарына енгізіліп, Бірінші орын алып, Үздік жоба атанды. Арнайы сыйлық 100 мың теңге сертификатпен марапатталды. Әріптесімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

 Кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Ал кітапхана — әр бір оқырманның жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық,  көкірегі ояу әрбір оқырманның келер шаңырағы — кітапхана…

Г. Апенова

Орталық аудандық балалар

 кітапханасының жетекшісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды