Ұзақ жыл бойы ауылшаруашылығында қызмет атқарып еңбек етіп, еліне елеулі жан атанған Күлкаш Ғазизқызы Шағатованың қарашаның 22 жұлдызы күні туған күні болып өтті. Жас кезінен өзінің адами қасиетімен айналасына шуағын шашып, сыйлы болған апамыз ұл мен қыз өсіріп, қазіргі таңда шөбере сүйіп, еңбегінің жемісін көріп отырған бақытты жанның бірі. Қолынан қаламы түспей, қоғамның жетістігін жырлап, өлеңге қосып, қолы қалт еткенде өзінің айналасы жайлы, жақсы адамдар жайлы оқырманының көңілін ұтатын көркем дүниелерді жазып тұрады. Газетіміздің тұрақты оқырманы әрі авторы.

Ауылшаруашылық саласында қызмет атқарып жүргенде де атақ, абыройсыз болған жоқ. Аудандық мәслихаттың депутаты, облыс басшыларының төсбелгілерімен, «Алғыс хаттармен» марапатталған. Еліміз тәуелсіздік алғанда алғашқылардың бірі болып қуананып, зейнеткерлікке шыққан соң Наурызбай батыр ауылында «ардагерлер ұйымын» басқарды. Ұйымдастыру қабілеті зор, қандай іс болса да ұршықша үйіріп алып кететін Күлкаш Ғазизқызы жайлы ауылдастары әрдайым айтып «мақтап» отырады. Биылғы жылы Күлкаш апамыздың тағы да жұлдызы жанып Бурабай ауданының «Құрметті азаматы» деген жоғары дәрежелі атаққа ие болды. Халқы елеп, елі құрметтеп жатқандығы қаншама жыл бойы атқарған қызмет, елге сіңірген еңбегінің бір өтемі шығар.

Осы атаулы жеке меншік мерекесімен құттықтай отырып, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз! Елубай атамыз екеуіңіз бірге жасап, балалардың қызығын көріп, әрдайым жүзіңізден күлкі кетпесін! Жазарыңыз көп болып, жұлдызыңыз жана берсін!

 Редакция ұжымы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA