«Қыс-2023» РКШО шеңберінде ағымдағы жылдың 24 қарашасында Бурабай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізді, оның аясында 4 кезең пысықталды.

Щучинск қаласының орталық алаңында,  сағат 9-да 00 мин аудандық шұғыл әрекет ету жиынтық жасағының дайындығын қарау өткізілді.

Оқу-жаттығуды өткізу жоспарына сәйкес құтқару бөлімшелерінің, құрылымдардың және АҚ қызметтерінің жеке құрамының практикалық іс-әрекеттері пысықталды, Бурабай ауданында тіршілікті қамтамасыз ету объектісіндегі аварияларды жою бойынша, атап айтқанда, «Жаңа Тұрмыс» ЖШС Щучинск қ. №1 қазандық объектісінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстары, үйінділер астында қалып, зардап шеккендерді құтқару және өртті сөндіру, іздестіру-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары және бірінші жәрдем  көрсету, үсіктен зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдарда қалған жол қозғалысына қатысушыларды эвакуациялау және жылыту пункттеріне орналастыру мен тамақтандыру пысықталды.

Бұл жаттығудың мақсаты- қыс мезгіліндегі Бурабай ауданының АҚ қызметтері және  күштерімен төтенше жағдайларды жою бойынша практикалық  іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. ТАО өткізу барысында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі басқару органдарының, ТЖ жөніндегі комиссиялар, АҚ аудандық қызметтері, авариялық-құтқару құралымдары қызметтердің, басшы құрамның, ұйымдар қызметкерлері дайындығы пысықталды.

Оқу-жаттығу соңында өткізілген тәжірибелік іс-шараларға талдау жүргізілді. Қорытындылай келе, комиссия қатысқан қызметтердің барлығы қойылған міндеттерді орындады деген  қорытындыға келді.

Оқу жаттығуға барлығы 67 адам және 23 бірлік арнайы және көмекші техник жұмылдырылды.

Похожие записи

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA

Вы пропустили