Мейрамбек Баймұханұлы Исмановтың

САЙЛАУ АЛЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Щучинск қаласының құрметті сайлаушылары!

Мен, Мейрамбек Исманов 1964 жылы, Көкшетау облысы, Бурабай ауданының, Көрнекті ауылында дүниеге келдім.

Білімім — жоғары әскери. 1981 жылы Ю.Андропов атындағы Ленинград жоғарғы әскери-саяси училищесіне оқуға түстім. Әскери қызметімді 1985 жылы Түркістан әскери округында бастадым. 1985-1992 жылдары кезеңінде КСРО Қарулы Күштерінде әралуан офицерлік лауазымдарда әскери қызметімді өтедім.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің (Қорғаныс министрлігі) өкіміне келдім. 1992-2013 жылдары кезеңінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әр түрлі офицерлік лауазымдарда қызмет атқардым.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс Республикасы университетінің факультет бастығының лауазынан зейнетке шықтым.

2013-2016 жылдары аралығында — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери өкілдіктері орталығы  11-ші Әскери өкілдігінің («Тыныс» АҚ және  «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ Көкшету қ.) бастығы.

2016-2018 жылдары ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.

№7 мектеп-лицейінде бастапқы әскери даярлық оқытушысы болдым.

Бурабай ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ардагерлермен жұмыс бөлімі бастығының көмекшісі  болып жұмыс істедім.

Қазіргі уақытта Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚК Әскери колледжінде техникалық цикл оқытушысымын.

Алдағы төрт жылға сайлау алдындағы бағдарлама:

  1. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтарын және ұлтаралық келісімді сақтау.
  2. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға, Чернобыль атом электр станциясындағы жарылысқа қатысушыларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне ұдайы қолдау көрсету.
  3. Мәдени демалыс сұрақтарын шешуге шығармашылық қызметке, спорттық-сауықтыру бағдармаларға белсенді түрде жастарды қатыстыру.
  4. Қаланың экономикалық әлеуетін арттыру, экономиканың шынайы секторына инвестицияларды тарту, жұмыс орындарын құру, кіші және орта бизнесті қолдау, қала халқының тиімді жұмыспен қамтылуын арттыру.
  5. Жеке автокөлікті тарту есебінен қоғамдық көліктің жұмысын белсендіру.
  6. Парктерді, алаңдарды, азаматтық демалу орындарын, аулаларды, аула спорт алаңдарын қайта құру, қалпына келтіру, біздің қаланың ерекшеліктерін ескере отырып, қаланы көгалдандыру. Жарықтандыру мен жолдарға ерекше назар бөлу.
  7. Қаланың бюджет қаражатының шығынының қайда жұмсалғаны туралы халыққа есеп беру. Қала кеңесін құру аса маңызды сұрақтарды шешуді алқалы шешімге шығару.
  8. Қоршаған ортаны сақтау және қорғау жұмысын белсендіру, экологиялық туризмді дамыту.

Бұл менің жастық шағымның қаласы, осы қаладан мен әскери борышымды өткеруге кеттім, үйіме оралдым, осы қалада мен өмір сүремін және еңбек етемін. Осы қала біздің балаларымыз бен немелеріміздің болашағы болуы үшін, келесі ұрпақтарға қалдыру үшін барлық білімімді және күшімді саламын.

Біз қаланы сезінуіміз керек, жақсы көруіміз керек. Ол біз үшін өте қымбат. Біз қаламызға алғыс айтуымыз керек, сонда ол бізге жауап қайтарады. Кез келген жолдармен қаланың бар байлығын жұмсағанша, керісінше, оның дамуына атсалысуымыз қажет.

Қаламызда қаншама адамдардың тағдыры, бай өмір тарихы, батырлық пен тәжірибе бар. Оларды мақтан ету, сақтау және арттыру керек.

Щучинск — біздің қалада тұрған оны салған адамдардың қазір тұрып жатқан көп адамдардың жанды еңбегі және бізді еске алатын ұрпақтардың қаласы.

                                                        Құрметпен  Мейрамбек Исманов.

                                                                       Ақмола облыстық бюджеті қаржысынан төленді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Су тасқыны бақылауда: Ақмола облысында дамбылар күшейтіліп, өзен арналары тазартылуда
Есіл су шаруашылығы бассейнінің аумағында көктемгі қар суының қауіпсіз өтуін және елді мекендерді су басудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Гидротехникалық нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және салу, сонымен қатар елді мекендер маңындағы өзен арналарының санитарлық тазалығы басты назарда тұр. Бұл туралы «Қазcушаруашылығы» РМК Ақмола филиалының бас инженері Олжас Тұржанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Бурабай ауданындағы республикалық меншікке жататын Щучинск қаласының саяжайларындағы су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Ал гидротехникалық нысандары қанағаттанарлықсыз күйде тұрған аудандарда кең көлемді реконструкция жұмыстары басталды.
Мәселен, Аршалы ауданындағы Анар станциясы маңында су өткізу құрылғылары бар қорғаныс дамбасы қайта жаңғыртылуда – жұмыс 70 пайызға орындалған. Бұланды және Жақсы аудандарында «Прохоровско-Колоколовская» және «Чапаевская-1» плотиналарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соңғысы 73 пайызға дайын.
«Шортанды ауданындағы «Дама» су бөгеті жаңа шлюздер салынып, бұрынғы су өткізу құрылысы консервациялануда. Бұл жұмыстар 39 пайызға орындалды, құрылыс мерзімі – 5 ай. Сонымен қатар Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы сегізінші шағын ауданда қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 74,5 пайызға аяқталған, мерзімі – 6 ай. Бұл жобалардың барлығы 2025 жылы аяқталады», – деді Олжас Тұржанов.
Су тасқыны қаупі жоғары өзен арналарының санациясына да ерекше көңіл бөлінуде. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында Ақмола облысында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Есіл өзені бассейнінде орналасқан. Қазіргі таңда оның төртеуі белсенді іске асырылуда.
Атап айтқанда, Атбасар қаласы маңындағы Жабай өзенінде арнаны тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы – 5,2 шақырым. Жұмыс 13 ақпанда басталды, 37 бірлік техника тартылған. Қазірге дейін 80% жұмыс орындалған. Сандықтау ауданының Балкашино ауылында арнаны бекіту және тереңдету жұмыстары 67% деңгейінде. Астрахан ауданының Старый Колутон ауылы маңындағы Колутон өзеніндегі тазарту жұмыстары 93%, ал Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде – 98% аяқталған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен айналма автожол аралығындағы Есіл өзенінің арнасын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба 2021 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, жеке сектор да өз үлесін қосып отыр. 2024 жылы «Казцинк» компаниясы Көкшетау қаласы аумағындағы Кылшақты өзенінің 4,3 шақырымын өз қаражаты есебінен тазартқан.
Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау мақсатында 43 елді мекенде жалпы ұзындығы 24,3 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Барлық нысандар қанағаттанарлық жағдайда және тасқын кезеңіне дайын.
Олжас Тұржанов алдағы вегетациялық кезеңге де тоқталып, барлық су пайдаланушыларды заңнама талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсатын алдын ала алуға шақырды. Бұл қызмет тегін көрсетіледі, бірақ міндетті түрде рұқсат арқылы жүргізілуі тиіс.
2024 жылғы деректер бойынша Есіл бассейнінде суару үшін алынған судың нақты көлемі – 7,313 млн текше метр, суарылған жер көлемі – 11 675 гектар. Ал республикалық желі бойынша лимит – 38,7 млн текше метр және 18,4 мың гектар.
«Бұл көрсеткіштер суды ұтымды пайдалану, әсіресе климаттық өзгерістер жағдайында, қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп түйіндеді бас инженер.