Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Кубогының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі. 

Екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша ерлер құрамасы 7,5 шақырым қашықтықта бақ сынап, арасынан ақмолалық Антон Башкиров 20:40.7 уақытта топ жарды. Екінші болып мәреге 21:43.3 уақытта Александр Бирюков, одан кейін 21:43.5 уақытта Владимир Батрынча жетті.

Әйелдер арасында 6 км қашықтықта екі күн қатарынан Елизавета Белецкая көш бастады. Ол мәреге 18:19.9 уақытта жетсе, одан 2:53.6 сеундқа кешігіп, екінші болып Надежда Пивоварова 21:13.5 уақытта жетті. Үздік үштікті Екатерина Ланглиц 21:18.8 уақытта аяқтады.

Жасөспірімдер арасынан 7,5 шақырымда

Владислав Малыков (19:39.9 секунд) бірінші орынға, Артур Каданцев (20:08.2 секунд) екінші, ал Ильяс Хасенов (20:30.0 секунд) үшінші орынды иеленді.

Жасөспірім қыздар арасында алматылық Яна Чупик 18:51.0 уақытта жеңіске жетсе, Эвелина Мезенцева 18:53.8 уақытта екінші, Мария Воробьева 18:58.0 көрсеткішпен үшінші болып жарысты аяқтады.

Қараша айының 25-26 аралығында өткен Биатлоннан ҚР Кубогінде Абай, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері бақ сынап, жалпы саны 100-ден астам спортшы өнер көрсетті.

ҚР Кубогының 2 кезеңі желтоқсан айында өтеді. Қос кезең нәтижесі бойынша 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысушылар анықталады.

«Биатлоншылар Одағының» баспасөз қызметі

 Суретке түсірген Тұрар Қазанғапов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA