Басқарма басшысы Алмаз Мұқажановтың айтуынша, ведомство интернет желісін де бақылауда ұстайды. Мониторинг көрсеткендей, қазіргі уақытта облыстағы діни ахуал қалыпты.

«Сараптамалық интернет-карта» бағдарламасы деструктивтік сайттарға тіркелген тұлғаларды анықтайды, ал «Кибернадзор» жүйесі діни тақырыптағы заңға қайшы материалдарды бұғаттауға көмектеседі», — деп түсіндірді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Ақмола облысында 195 діни ұйым мен 156 культтік нысан бар, облыс аумағында Польша, Филиппин, Ресей мен Германиядан келген 32 миссионер жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA