ХХІ ғасырдың көші ғылым мен білімге бұрылды. Уақыт өткен сайын, ғылымға ынтасы оянған жастардың қатары көбейіп келе жатыр. Жаһандық сұраныстың бірі ол роботехникалар. Болашақта адамның құзіретіне бағынатын робот адамдар халыққа қызмет істей бастайды деген болжам бар. Иә, қазіргі күні Абылай хан атындағы орта мектепте біздің өзіміздің оқушымыз, мектебіміздің түлегі Нұржан Әбілжанов қызмет атқарып, шәкірт тәрбиелеп, ғылым жолына бет бұрып еңбек етіп жүр. Жас болса да, өзінің талапкерлігінің арқасында біраз биіктерді бағындырып, ауылымыздың, ауданымыздың, облысымыздың жалауын көтеріп қана қоймай, Халықаралық жарыста жеңімпаз атанды. Білім сайыстарында озып алдыңғы қатарда көрініп жүрген Нұржан Ғалиұлының алға қойған ұлы мақсатының бірі елімізде робототехника ғылымын дамытып, алдағы уақытта өзі тәрбиелеп жатқан жас жеткіншектерді ғылым жолына бағыттау арқылы әлемдік биіктерді бағындырсам деп арманы бар. Жалпы робототехника ғылымы арқылы көзге түсіп, сарабдал жолды таңдаған Нұржан Ғалиұлы, бүгінгі күні мектебімізде информатика сабағынан дәріс беріп «робототехника үйірмесіне» жетекшілік жасайды.

Мектебіміздің оқушылары «Нұржан Ғалиұлының әрбір сабағы өте тартымды, әрі қызықты өтеді»,- дейді. Өйткені ғаламдық даму бағыты арқылы әрбір оқушыға сабағын егжей-тегжейлі түсіндіріп, оқушының жүрек кілтін тауып, бұлақ көрсе, көзін ашқан жандай тартымды өткізе алады. Кішіпейілділігі, кез-келген іске жауапкершілікпен қарап, өзінің бойындағы адами қасиеті арқылы ұжымға сыйлы боп жүр. Жалпы Нұржан Ғалиұлының жеткен жетістіктерін тізетін болсақ, біз үшін үлкен зор қуаныш, әрі мақтаныш деуге болады. Атап айтқанда: 2020-2021 жылы Ozattar — Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы, құрмет грамотасы иегері атанды. Республикалық «KazRoboSport-2020» жеңімпаздарын дайындағыны үшін «Kazrobotics» білім беру және спорттық робототехника Федерациясынан» атынан «Алғыс хат» алды. Мұндай жоғары дәрежелі дипломдардың сан мәрте иегері атанған Нұржан Әбілжанов 2023-2024 жылы «Roboland-2023» VIII халықаралық фестивалі «Get tenge» диплом ҚР оқу-ағарту министрі бас жүлдені қанжығасына байлап, облысымыздың мерейін үстем қылып, қайтты. Әрине, өзіміздің алдымыздан білім алып, ғылым саласына аса ыждаһатпен белсенді жұмыс атқарып жатқан Нұржан Ғалиұлының еңбегі елеусіз қалған жоқ. Бурабай ауданының әкімі Арай Садықовтан «Алғыс хат», сонымен қатар робототехника кабинетін ашуға сертификат алып, мектеп ұжымын тағы да бір қуантып тастады.

Президент «Әрбір жас маман уақыт талабына сай білімді болып, өзінің бойындағы білімін өзі ғана біліп қоймай, өскелең ұрпақтың да қамын ойлау керек»,-деп айтқан тамаша сөзі бар. Біз Нұржан Ғалиұлының алда уақытта талай-талай асуларды бағындыратындығына шүбәсіз сенеміз. Әрдайым қолдаймыз!

 Алма Аухаева,

 Абылайхан ауылы

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Ақмола облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
1 желтоқсанда әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Биылғы жылдың тақырыбы ЮНЭЙДС жариялаған «Дұрыс жолды — адам құқығы жолын таңдаңыз» ұранымен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға шақырады. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов және осы орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Қараша айының басында аймақта АИТВ-мен өмір сүретін 1 080 адам тіркелген. 10 айда 109 жаңа жағдай анықталды, оның 80% — дан астамы қорғалмаған жыныстық қатынасқа байланысты. Науқастардың көпшілігі 30-49 жас аралығындағы адамдар.
«Жұмыстың басым бағыттары профилактиканың, диагностиканың және емдеудің қол жетімділігін арттыру болып қала береді. Он айда профилактикалық бағдарламамен 1200-ден астам адам қамтылды. Жоғары қауіпті аймақтағы адамдар үшін инфекция қаупін азайтуға мүмкіндік беретін байланысқа дейінгі профилактика сияқты заманауи әдістерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда бұл терапияны аймақта 120 — дан астам адам алады», — деді Құрманбек Бұрмағанов.
Айта кетейік, бір жыл ішінде Ақмола облысында мыңға жуық адам қамтылған 13 ақпараттық-білім беру кездесулері мен акциялар өтті, онда 275 азамат өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік алды.
«Бірлескен жұмыстың арқасында бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар балаларды асырап ала алады. Бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін емес болған. Мұндай прецеденттер АИТВ-мен ауыратын адамдардың құқықтарын бұзатын нормаларды заңнамадан жоюға және қоғамда барлығына бақытты өмір сүру құқығын беретін толерантты ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – деп толықтырды Құрманбек Бұрмағанов.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ақмола облысында бірқатар акциялар мен іс-шаралар жоспарланған. Олардың ішінде-Көкшетау сауда-ойын-сауық орталықтарында, жоғары оқу орындарында және қоғамдық орындарда АИТВ-ға жедел тестілеу. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған педагогтарға арналған облыстық семинар өтеді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Ашық есік күні өткізілетін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Келушілер 20 минут ішінде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады. АИТВ-ға қарсы күрес апталығы «Көкшетау» мәдениет үйінде аяқталады. Онда 600-ге жуық адам жиналады.
«Дәстүрлі кеңес беру форматынан басқа, бұл жұмыс мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл «web-аутрич» деп аталды. Бұл тәсілдің артықшылығы-адам барлық қажетті ақпаратты онлайн ала алады, содан кейін профилактикалық қызметтерді алу және түрлі зерттеулерден өту үшін біздің орталыққа жүгіне алады», — деп атап өтті профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Балғын Сарбасова.
Дәрігерлер алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін еске сала отырып, кездейсоқ байланыстардан аулақ болу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау. ЖИТС-пен күресу-әркімнің жауапкершілігі екенін еске салды