Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Аталмыш жиынға Ақмола облысы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» филиалының заңгері Руслан Аубакиров, Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының» жетекшісі Салиха Нұрғалиева, Ақмола облысы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау» епартаментінің жетекшісі Ақмарал Ғабдуллина, жергілікті мекемелер мен теміржол саласының есепшілері мен заңгерлері қатысты.

Негізгі көтерілген басты тақырып, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына» аударатын қаражат мәселесі күн тәртібінде қаралды. Аудан әкімінің орынбасары Бекахмет Махметов сөз алып, Бүгінгі уақыт талабына сай, Президент тапсырмасына орай, жұмысшының құқығы мен жұмыс берушінің арасындағы ортақ келісімді, сонымен қатар ауыр зиянды өндіріс саласында, қызмет атқарып жүрген азаматтар мен азаматшалардың құқығын алға тартып, екіжақты келісімшарт мәселесіне тоқталып, Руслан Темірханұлына сөз берді.

Заңгердің айтуынша, жұмысшы еңбекақысынан бірыңғай зейнетақы қорына ақша аударылмаған жағдайда, болашақта салымшының зейнетақы қорында қаражаты болмаса, онда мөлшерінен төмен зейнетақы алуы мүмкін, бұл бәрімізге белгілі жағдай. Ал енді заңда айқын әрі нақты жазылған.

Зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы әлеуметтік төлемдер ол не?

Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар 55 жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МКЗЖ) төленген кезде:

еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмыс істейтін адамдардың арнайы әлеуметтік төлемге құқығы бар. Ол төмендегі төлемдерді қамтиды:

арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;

зейнетке шығу алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі;

жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем;

БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.

Арнаулы әлеуметтік төлемдерге құқық қызметкер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды;

зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істемейтін (жұмыстан босаған) адамдардың мыналарға құқығы бар:

арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;

БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі,-деп түсіндірді Руслан Темірханұлы.

Жиын барысында жұмыс беруші мекемелердің өкілдері, өздерінің мазалап жүрген сауалдарын жолдап тұщымды жауаптар қайтарылды.

 

«Бурабай-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA