Ведомство басшысы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен журналистермен кездесуде кадрлық резервке алынған үміткерлер «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Алайда, олар сайланатын лауазымдарға қызметке тағайындала алмайды.
«Өңірлік жастар кадр резервіне үміткерлерді іріктеу 6 салалық бағыт бойынша іске асырылады. Олар индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру. Іріктеуге 35 жастан аспаған, 3 жыл еңбек өтілі бар, жоғары білімді Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады», — деп мәлімдеді Думан Әбілев.
Іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Құжаттарды қабылдау 1-31 наурыз аралығында өтеді. Жобаға қатысуға үміткерлер осы аралықта жеке басын куәландыратын құжат, өтініш, білім туралы диплом көшірмесі, еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі сынды құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz онлайн платформасына жүктеуі, пошта арқылы жолдауы немесе қолма-қол ұсынуы тиіс.