Бүгін республика бойынша жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар.
Науқанның алғашқы күнінен 13 сəуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары,
қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес
аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды.
20 сəуірге дейін жалғасатын екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріледі. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары
жүргізіледі.
27 сəуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылды. Бұл апталықта көшеттер отырғызылады жəне ағаштар əктеледі.
«Өнегелі ұрпақ» деп аталған келесі апталық 4 мамырға дейін жалғасады. Айтылған күндері ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек беріледі.
«Мөлдір бұлақ» атауы берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.
Алматы қаласында аталмыш іс-шара «Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқаны аясында өтеді. Игі бастама аясында қазақстандықтарға татулықта өмір сүруді дәріптейтін, қоғамдық сана қалыптастырып, жауапкершілікті арттыруды насихаттайтын қайырымдылық жəне мəдени іс-шаралар өтеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Стартовала республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан»
Сегодня в регионах страны по инициативе молодежных ресурсных центров и молодежных организаций стартовала республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан». Масштабная экологическая акция продлится пять недель, каждая из которых будет посвящена определенной тематике.
Первая неделя, которая продлится до 13 апреля, носит название «Таза өлке» — в течение недели жители населенных пунктов, общественники, сотрудники организаций и предприятий будут проводить уборку прилегающих территорий и дворов.
Неделя до 20 апреля будет носить название «Киелі мекен» и посвящена
работам по благоустройству территории историко-культурных памятников.
До 27 апреля неделя с темой «Жасыл аймақ» ознаменуется посадкой
саженцев деревьев, побелкой насаждений.
Период до 4 мая будет носить название «Өнегелі ұрпақ» и посвящен уборке и благоустройству дворов ветеранов и территорий домов престарелых.
В последнюю, пятую неделю, под названием «Мөлдір бұлақ» будут очищать от мусора окрестности
водоемов – рек и озер.
В г. Алматы республиканская акция пройдет в рамках общегородской кампании «Алматы – наш общий дом».
В рамках кампании пройдут благотворительные и культурные акции, приучающие казахстанцев к добрососедству и взаимовыручке,
пропагандирующих ответственное поведение и следование общепринятым в социуме нормам взаимодействия.
Пресс-служба Министерства культуры и информации РК