Орталық коммуникациялар қызметінің базасында, Үкіметтің қолдауымен осы контекст бойынша барлық қажетті ақпарат бір сайтта жинақталатын Qoldau.gov.kz ресурсы әзірленді: қолдау шаралары туралы өзекті деректер, онлайн-өтініштер, жедел мәліметтер, соңғы жаңалықтар, ресми тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің релиздері.
Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Александр Белиловский атап өткендей, барлық деректер барынша тез жаңартылып, қосылып отырады.
«Су тасқыны басталғаннан бері ОКҚ базасында Республикалық ақпараттық штаб ашылды, Осы уақытқа дейін министрліктер мен әкімдіктер өкілдерінің қатысуымен 170-ке жуық брифинг өткізілді. Үкімет зардап шеккен өңірлердегі ахуал және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған барлық шаралар туралы дереу хабардар етеді. Су тасқынына байланысты ақпарат көп болған жағдайда, адамдарда оны тексеріп, ресми дереккөздермен салыстыру мүмкіндігі болуы керек», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Су тасқынынан зардап шеккен әрбір азамат өз жағдайы туралы ақпаратты тексере алады. Жақын арада платформада осындай функция іске қосылмақ.
Никто не останется без поддержки государства: для оперативности разработан интернет-ресурс
На базе Службы центральных коммуникаций при участии Правительства разработан ресурс Qoldau.gov.kz, чтобы аккумулировать на одном сайте всю необходимую в этом контексте информацию: актуальные данные о мерах поддержки, возможность подать онлайн-заявления, оперативные сводки, последние новости, заявления официальных лиц, релизы министерств и акиматов.
Как отметил заместитель директора СЦК Александр Белиловский, все данные будут обновляться и добавляться максимально оперативно.
«С начала паводкового периода на базе СЦК развернут Республиканский информационный штаб. За это время проведено около 170 брифингов с участием представителей центральных и местных государственных органов. Правительство незамедлительно информирует о ситуации в пострадавших регионах, и обо всех мерах принятых для ликвидации последствий паводков. Важно, чтобы в ситуации, когда на фоне ЧС люди получают массу информации, у них была возможность проверить ее, свериться с официальным источником», — сказал спикер на брифинге в СЦК.
Каждый пострадавший от паводков человек сможет проверить информацию по себе. В ближайшее время этот функционал будет доступен на платформе.