Елорда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өз жұмысын өткізуде. Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп, қомақты қолдау көрсетілетіні жайлы айтып өтті.
Сондай-ақ бірлік пен ынтымақтың көнеден келе жатқан ескірмейтін құндылықтар екені де баса айтылып өтті. Мемлекеттік тіл этносаралық қатынас тілі болатыны турасында да түсініктеме берілді.
Мемлекет басшысы қиын қыстау кезде ел үшін көмек қолын созған кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
Айтарымызды бір сөзбен түйіндесек, Қазақстан халқы Ассамблеясының осы сессиясы шешімдерінен кейін ел келбеті өзгеріп, Жаңа Қазақстан бағытына жол тартатына кәміл сенімдіміз.
Өтелбай Бейсенов,
Бурабай ауданы ақсақалдар алқасының төрағасы,
Бурабай ауданының «Құрметті азаматы»