ХХІ ғасырдың басынан бастап елдің барлығы интернетке иек артты. Иә, заман жетістігі. Адамның ғылымға деген құштарлығы кімді болсын бей-жай қалдырмайды. Әр заманның өзінің «олжасы бар». Қазіргі талап, қазіргі олжа ол неғұрлым ғылым арқылы биікке жету. Жарықтық қазақтың атақты жазушысы Ш. Мұртазаның ғажап сөзі бар «Театр көбейсе, түрме азаяды» деген. Қазіргі мәдениет, қазіргі әдебиет, қазіргі өнер күн сайын дамып жатыр. Айшылық алыс жерден жылдам хабар алғызар деп армандаған кешегі дүр бабалардың сөзіне кәдімгідей қан жүгіріп жан бітті.

Ауыл баласының әңгімесі бөлек, ісі ерек. Ауыл баласы қала баласындай уақыты көп емес. Үйдегі шаруадан бөлек, тыстағы шаруаның өзі бір басына жетіп артылады. Мектепке де барады,  спортпен де айналысады. Қысқасы қысқа күнде қырық тарау жолдың жөнін біліп бәріне үлгереді.

Биыл Бурабай өңірінде оның ішінде Қызылағаш ауылының Абылайхан атындағы орта мектебінің оқушылары ерлеп-ақ тұр. Республика бойынша жүлделі оралып, одан кейін Түркия мемлекетіне Анталия қаласына 20-21 сәуір аралығында робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялардың «RoboteK Turkiye 2024» халықаралық чемпионатында Бурабай ауданының «Redwood» және «Vip kazakh» командалары «Line Following»  санаты бойынша жеңімпаз атанды. Аталмыш ғылым бәйгесіне 9 мемлекеттен 45 команда қатысқан.

Үйрену мен жаттығуда еңбек демекші, әрине сонау Түркия еліне барып, Көкшетаудың оның ішінде қасиетінен айналайын Бурабайдың атағын шығарып, Қазақ елінің көкбайрағын желбіретіп келген жерлестерге ел риза боп жатыр. Оңтайлы деген оңай деген сөз емес демекші оқушыларды осындай ұлы додаға дайындап жүрген жаттықтырушысы Нұржан Әбілжанов екендігін еске саламыз. Енді ел намысын желтоқсан айында Италия елінің Рим қаласында өтетін дүниежүзілік жарыста қорғайды екен.

Маңдайларындағы бақтары жанып, жұлдыздары жоғары болғай!

«Бурабай-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA