Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік шара Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен Көкшетау қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне және Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Биылғы жылы Жеңіс күніне арналған іс-шаралар Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын және Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы және Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жылдығы аясында аталып өтілуде.

Өңір басшысы құрметті қарауылдың және үрмелі аспаптар оркестірінің сүйемелдеуімен гүл шоқтарын қойып, қан майданда шейіт болған ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Одан әрі облыс басшысы бастаған шеру Даңқ аллеясымен Мәңгілік алауға қарай жүріп өтті.

 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жеңіс күні – халқымыздың ерен ерлігі мен бірлігінің, қаһармандығының символы болып саналады» деп айтқан болатын. Бабаларымыздың баға жетпес батырлығының арқасында – біз бүгін бейбіт елде, бақытты өмір сүріп жатырмыз. Бүгін сол қасіретті соғыс жылдарында қаза тапқандардың, барлық майдандарда хабарсыз кеткендердің, осы күнге жете алмаған бабалар есімін еске алып, ұрпақ парызын орындауға жиналып отырмыз. Жеңіске жетіп, соғыстан кейін күйзелген елді көтеруге ат салысқан, осы шуақты күндерге жетпеген азаматтардың жарқын бейнелерін құрметпен еске алып, бас иеміз», – деді салтантты шарада сөз сөйлеген Марат Ахметжанов.

Өңір басшысы атап өткендей, Ақмола облысынан 90 мың адам майданға аттанып, оның 37 мыңнан астамы оралған. Ақмолалықтар барлық майдандарда соғысып, Мәскеу, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарға қатысты. Оның ішінде 66 ақмолалық Кеңес одағының Батыры және Даңқ орденінің толық кавалерлері болды. Қазіргі таңда өңірде 5 соғыс ардагері және 5 мыңға жуық тыл еңбеккері тұрады.

Айта кетейік, Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт «Тәуелсіздік» алаңында ұйымдастырылды. Мереке аясында өңірде түрлі форматтағы 800-ге жуық іс-шара өткізілді.

От admin

Похожие записи

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ
Алғаш рет Қырғыз Республикасында ойластырылып, жүзеге асырылған халықаралық спорттық шара әлемдік мәртебеге ие болып, барған сайын, Еуразия кеңістігін ғана емес, басқа да көптеген елдерді қамтып, кең аудиторияның назарын аударды. Дүниежүзілік ойындарды өткізу құқығының Қазақстанға берілуімен ойындарды өткізетін елдердің тізімі де кеңейді.
ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ
ОЙЫНДАР 2024 ЖЫЛҒЫ 8–13 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛЕДІ.
Көшпенділер ойындарына бірінші кезекте халқы көшпелілер өркениетінің мұрагерлері болып табылатын елдер қатысады. Ал, Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде көшпенді емес елдерден де командалар қатысады деп жоспарлануда.
Бүгінде ДКО ұлттық спорт түрлерінен әлемдегі ең ірі жарыс болып табылады. Шамамен болжам бойынша, Астана қаласына 7 күнге созылатын жарыстарға 100-ден астам елден 3000-ға жуық қатысушы келеді.