2024 жылғы 16 маусымда өткен Ақмола облысы Бурабай ауданының Веденов ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

2024 жылғы 16 маусымда Бурабай ауданының Веденов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бурабай ауданы Веденов ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 616 азамат енгізілді, олардың – 353 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 89.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Омаров Алтынбек Боташұлы – 43;

Сыздыков Рахат Сайранұлы – 207

Веденов ауылдық округінің әкімі болып Сыздыков Рахат Сайранұлы сайланды, 1983 жылы туған, басшы, «Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA