Өткен аптада медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай «Авиценна-Бурабай» ЖШС-де салтанатты іс-шара болып өтті. Аталмыш іс-шараға медицина саласының қызметкерлері мен дәрігерлер, медбикелер қатысты. Бурабай ауданының әкімі Арай Садыков, осы салада еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарды атаулы мерекелерімен құттықтады.
— Медицина саласының қызметкерлері адамның денсаулығы үшін күні-түні еңбек етесіздер, өз анттарына адал, кәсіби маман иелірі қандай қиындық болса да алдыңғы орыннан табылып, ертеңгі елдің болашағы үшін алаңдап, өмір мен өлімнің арасында келген әрбір науқасты шипалы алақандарыңызбен аялап, сауықтырып қатарға қосатын. Сіздердің еңбектеріңізді әрдайым естен шығармаймыз,-деді аудан басшысы.
Жиын барысында аудан әкімі Арай Серікбайұлы, Ақмола облысы әкімінің «Алғыс хатымен» Бурабай кенті емханасының медбикесі Г. Нұрмағанбетова, «Авиценна-Бурабай» ЖШС хирургия бөлімінің медбикесі Н. Мамонтова, Кенесары ауылының әлеуметтік қызметкері Қ. Исенова, Қатаркөл ауылының медбикесі Е. Репнёва, учаскелік қызметтің әлеуметтік қызметкері О. Жанғазин марапатталды.
Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» облыстық «Көкше» оңалту орталығының бас дәрігері Д. Асанұлы, «Щучинск қаласының емдеу сауықтыру орталығы» серіктестігінің жоғары санатты кардиолог-дәрігері К. Күлмаханова, эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі Ұ. Мұқашева, эпидемиология бақылау бөлімінің бас маманы Қ. Хамзина, «Медикус» медициналық орталығының медбикесі А. Бакина, «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ҚММ медбикесі Г. Тәшенова, облыстық балаларды оңалту орталығының медбикесі А. Яколеваға салтанатты түрде табыс етті.
Жиын соңында естелік суретке түсіп, көркемөнерпаздар ұйымдары мерекелік концерт қойды.
«Бурабай-ақпарат»