Ұлттық парктің флорасын зерттеу және бақылау бойынша табиғат аясындағы жұмыстар кезінде «Бурабай» МҰТП кіші ғылыми қызметкері-ботаник  Юлия Боссерт гүлденген ақ тұңғиықты тапты. Бұл сирек кездесетін өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және парк экожүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.

Юлия Боссерт ақ тұңғиық туралы қызықты фактілермен бөлісті: «Ақ тұңғиық  (Nymphaea alba) суды таза ұстауға көмектеседі және көптеген су организмдеріне пана болады. Гүлдер өлшемі  10-нан 15 см-ге дейін өзгереді, бірнеше қатарда орналасқан ақ жапырақтары бар. Сыртқы жапырақшалары үлкен, ал ортасына қарай олар біртіндеп азаяды. Ақ тұңғиық маусымнан қыркүйекке дейін гүлдейді және оның әлсіз хош иісі тек жақын жерде сезіледі. Бұл өсімдіктің ерекше ластануға қарсы қасиеттері оны әрқашан ақ және балғын етіп көрсетуге мүмкіндік береді».

Ақ тұңғиық гүлдері таңертең ерте ашылып, кешке жабылып, күн батқанға дейін су астында жасырылады. Ересек өсімдіктің сабақтарының ұзындығы екі метрге жетуі мүмкін, ал қызыл немесе ашық күлгін астыңғы жағы бар үлкен қара-жасыл жапырақтары ұзын сабақтарға бекітіледі.

 «Алайда, бұл өсімдік заңмен қорғауға алынғанын және біздің қамқорымызға мұқтаж екенін есте ұстаған жөн»,- деп атап өтті ұлттық парк ботанигі Юлия Боссерт.

Біз паркке келушілерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мінез-құлық ережелерін сақтауға шақырамыз. Сіздің әрекеттеріңіз болашақ ұрпақ үшін бірегей табиғи байлықты сақтауға көмектеседі.

  «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA