Көкпардан Қазақстан Ұлттық құрама командасы Алматы облысы, Жанашар ауылында орналасқан Олимпиадалық дайындық орталығында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықтарын пысықтап жатыр.

22 шілде басталған оқу-жаттығу жиыны 6 тамызға дейін созылады. Еліміздің түкпір-түкіпірінен келген 29 көкпаршының арасынан ең үздік 12 спортшы көкпар ойынына, 12-сі көкбөрү спортына іріктеліп алынады.

 «Бұл оқу-жаттығу жиыны жігіттерге оңай болып жатқан жоқ. Себебі бұл жай ғана жаттығу емес, іріктеу де болып есептеледі. Еліміздің әр аймағынан келген спортшылардың арасынан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын сәтті қорғау үшін ең үздіктерін таңдауға бар күшімізді саламыз», – дейді көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ақылбай Манкеев.

Ұлттық құрама 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынын Астана қаласында өткізеді.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі – Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

***

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі

Назым Рысбетова

8 701 208 18 11

Айғаным Мұқатай

8 747 661 98 93

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:

Инстаграм: https://www.instagram.com/worldnomadgames2024/

Twitter: https://twitter.com/Nomadgames_2024 

YouTube: https://www.youtube.com/@WorldNomadGames2024

Тик ток: https://www.tiktok.com/@worldnomadgames_kz?_t=8hn4a4WBSUg&_r=1

Фейсбук: https://www.facebook.com/worldnomadgames2024?mibextid=hrBMPu Телеграм: https://t.me/worldnomadgames2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA


Вы пропустили

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района

Выставки декоративно-прикладного искусства организовали на участках Аршалынского района