Ауылдық денсаулық сақтау мекемелерін медициналық кадрлармен қамтамасыз ету үшін дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің кадрлық резерві жасақталды.

«Бүгінде облыстағы медициналық ұйымдарда 2218 дәрігер мен 6587 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Облыстағы медицина қызметкерлерінің кадрлық деңгейі 90 пайызды құрайды» — дейді спикер Сыздықов.

Ақмола облысында дәрігерлердің тапшылығы 190 физикалық маманды құрайды. Оның ішінде облыс қалаларында 65 дәрігер жетіспесе, ауылдық жерлерде 125 дәрігер қажет деген тұжырым жасады.

Қазіргі таңда экономика және жоспарлау басқармасына 2023 жылы келген қалған дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге бюджет қаражатын бөлу үшін тиісті бюджеттік өтінім берілді.

         Сонымен қатар, 2023 жылы ауылдық елді мекендерге келген 59 дәрігер және қалаға келген 31 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

         Биыл тамыз-қыркүйек айларында мамандық бойынша 120 тұрғын келеді деп жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA