“2024 жылдың 7 айында Ақмола облысында адамдар арасында бруцеллездің 4 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 0,65 құрады (2023 жылдың 7 айында — 7 жағдай тіркелген, көрсеткіш – 0,89 құрады), өткен жылдың ұқсас кезеңімен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады» — дейді Серік Омарханов.

Бұланды, Астрахан, Целиноград аудандарында және Көкшетау қаласында бруцеллезбен сырқаттанушылық тіркелген. 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру тіркелмеген.

Инфекция ошақтарында мал шаруашылығы өнімдері мен сыртқы орта объектілеріне зертханалық бақылау жүргізілуде.

Брифингте спикер Серік Омарханов алдын алу мақсатында жануарлардың иелері талаптарды сақтау керек екенін айтып өтті.

Сондай-ақ құтыру ауруы бойынша 1250 адам есепті кезеңде жануарлардың тістеуіне өтініш жасаған.

Медициналық көмекке жүгінген  адамдардың ішінен  1250 адамға екпе егуге тағайындалып,  36 адам ауруханаға жатқызылған.

Халықпен аса қауіпті және карантиндік аурулардың алдын алу мақсатында дәрістер, тікелей эпирустар өткізу арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA