Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сауда интерграция Министрлігінің Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерлан Әубәкіров мәлімдеді.

Жалпы, «Сапалы Өнім» жобасы аясындағы Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті іс-қимыл алгоритміне сәйкес тұтынушылар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына шағымдар болған жағдайда, анықталған бұзушылықтарға жедел ден қойып, қадағалап, жоспарлы  түрде жұмыс жүргізуде.

       Спикер Әубәкіровтың айтуы бойынша ахуалдық штабтың бірлескен жұмысының нәтижелері бойынша 2024 жылы импорттық өнімнің 23 түрі зерттелген. Өнімнің 14 түрі бойынша бұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерден шағымдар да келіп түсуде, шағымдарды тұрақты негізде талдау және сараптама жүргізу үшін аккредиттелген сынақ зертханаларына күнбағыс майы, сүт, шұжық, кондитерлік және өзге де өнімдерді іріктеу жүргізілді.

 Брифинг соңында «»Сапалы Өнім» жобасының негізгі мақсаты-тұтыну нарығына контрафактілік, бұрмаланған, қауіпті және сапасыз өнімдердің енуіне қарсы тұру» — деп, спикер Ерлан Әубәкіров өз сөзін аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA