Биылғы жылы алғаш рет өңірімізде өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілді.
Жоба арқылы аймақты дамытуға атсалысатын талантты және белсенді жастар арасынан жаңаша ойлайтын көшбасшылардың, жас басқарушылардың пулын қалыптастыру көзделуде.
Бұл туралы Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев баяндады.
Спикердің айтуынша, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, кадр резервіне іріктеудің 6 салалық бағыты айқындалды, олар:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру.
Өңірлік кадр комиссиясына облыс әкімі Марат Ахметжанов басшылық етті.
Сонымен қатар, Думан Әбілев іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі жəне үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберілгенін атап өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен 263 үміткер іріктеудің келесі кезеңі – ҚР заңнамасын білуіне арналған тестілеуге жіберілді.
А.ж. 22 тамызында кадр комиссиясы шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Тізім ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында жарияланды.
Резервшілер жергілікті атқарушы органдарда сайланатын лауазымдарды қоспағанда, 2 жыл ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
«Жалпы, бұл жоба өңірімізді дамытуға қатысып жүрген талантты және белсенді жастар арасынан бастамашыл және прогрессивті көшбасшылар, жас басқарушылар пулын қалыптастыруға бағытталған», -деп спикер сөзін қорытындылады.
Сформирован региональный кадровый резерв
Акмолинской области
В этом году впервые в нашем регионе был проведен отбор в Региональный кадровый резерв.
Проект нацелен на формирование пула молодых управленцев, по-новому мыслящих лидеров из числа талантливой и активной молодежи, которые участвуют в развитии региона.
Об этом рассказал в ходе брифинга РСК руководитель Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области Думан Абилев.
По словам спикера, с учетом социально-экономических и других особенностей региона определены 6 отраслевых направлений отбора в кадровый резерв, это:
1) индустрия и промышленность;
2) экономика и финансы;
3) социальная сфера;
4) жилищно-коммунальное хозяйство и инфраструктура;
5) агропромышленный комплекс и земельные отношения;
6) цифровизация.
Региональную кадровую комиссию возглавляет аким области Марат Ахметжанов.
Также Думан Абилев отметил, что к отбору были допущены граждане Республики Казахстан не старше 35 лет, имеющие высшее образование и стаж работы не менее трех лет.
По итогам приема документов Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по Акмолинской области 263 кандидата допущены к следующему этапу отбора – тестированию на знание законодательства РК.
22 августа т. г. решением кадровой комиссии в Региональный кадровый резерв было отобрано 25 человек. Список будет опубликован на интернет-ресурсах Агентства РК по делам государственной службы и акимата области.
Резервисты могут быть назначены на административные государственные должности корпуса «Б» в течение 2 лет, за исключением должностей, избираемых в местных исполнительных органах.
«В целом, данный проект направлен на формирование пула инициативных и прогрессивных лидеров, молодых управленцев из числа талантливой и активной молодежи, готовых к реализации новых проектов и внесению вклада в развитие нашего региона», — заключил спикер.