Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары қарсаңында Ойындар дирекциясы «I AM NOMAD» атты бірегей әлеуметтік желілер челленджінің басталғанын хабарлайды. Бұл жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдардың басын біріктіріп, оларды жылдың басты оқиғағаның бір бөлшегі болуға шақыруға бағытталған.

Челленджге танымал тұлғалар да қосылды. Қалың көрерменнің сүйіктісі, танымал актер Асылхан Төлепов барлық жанкүйерді Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысуға және еркіндік пен көшпелі өмірдің рухын бейнелеген қозғалысты қолдауға шақырып, алғашқы қатысушылардың бірі болды.

Сонымен қатар, бұл челленджге танымал оңтүстік кореялық әнші Сон Вон Соб та қосылды. Ол көшпенділер мәдениетіне деген таңданысын білдіріп, Азия мен әлемнің басқа да аймақтарындағы жанкүйерлерін осы шабыттандыратын жобаға қатысуға шақырды.

Челленджге қатысу өте оңай: қазіргі әлемде көшпенді болу нені білдіретіні туралы қысқаша бейнежазба жасап, оны әлеуметтік желілерде #IAMNOMAD хэштегімен жариялау жеткілікті. Әрбір қатысушы еркіндік пен шытырман оқиғаларды сүйетін адамдарды біріктіретін жаһандық қозғалыстың бір бөлігіне айналады.

Айта кетерлігі, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрі бойынша 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, ал басты серіктесі –Halyk Bank.
Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының баспасөз қызметі

Дирекция 5-х Всемирных игр кочевников запускает челлендж «I AM NOMAD» в социальных сетях

В преддверии 5-х Всемирных игр кочевников, которые пройдут в Астане, Дирекция игр объявляет о старте уникального челленджа «I AM NOMAD» в социальных сетях. Этот проект направлен на объединение людей со всего мира и приглашение их стать частью главного события года.

К челленджу уже присоединились известные личности. Любимый публикой актер Асылхан Толепов стал одним из первых участников, призвав всех поклонников присоединиться к Всемирным играм кочевников и поддержать движение, олицетворяющее дух свободы и кочевой жизни.

Кроме того, к челленджу присоединился популярный южнокорейский певец Сон Вон Соб. Он выразил свое восхищение культурой кочевников и пригласил своих поклонников из Азии и других регионов мира принять участие в этом вдохновляющем проекте.

Принять участие в челлендже очень просто: достаточно записать короткое видео о том, что значит быть кочевником в современном мире, и разместить его в социальных сетях с хэштегом #IAMNOMAD. Каждый участник становится частью глобального движения, объединяющего людей, разделяющих любовь к свободе и приключениям.

Стоит отметить, что 5-е Всемирные игры кочевников пройдут 8-13 сентября. Ожидается, что в мероприятии примут участие порядка 2800 участников из 89 стран. На Всемирных играх кочевников в Астане будет разыграно 97 комплектов медалей по 21 виду спорта.

Генеральным спонсором 5-х Всемирных игр кочевников является отечественная технологическая компания ALAGEUM ELECTRIC, а главным партнером системообразующий универсальный коммерческий банк страны страны – Halyk Bank.
Билеты на все соревнования можно купить на сайте официального билетного оператора www.zakazbiletov.kz

Пресс-служба Дирекции по подготовке и проведению 5-х Всемирных игр кочевников

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

CAPTCHA